ESET компаниясы – ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы – 2026 жылдың сәуірі мен қыркүйегі аралығында киберқылмыскерлердің APT-топтарының қызметіне шолу дайындады. Таяу Шығыспен байланысты топтардың белсенділігі алдыңғы кезеңмен салыстырғанда өскен. Атап айтқанда, Ирандық FilthyFeline зиянкестері Өзбекстандағы мобильді байланыс операторына шабуыл жасаған. Ал қытайлық киберқылмыскерлер болса мемлекеттік ұйымдарға қарсы бағытталған барлау деректерін жинау операциясын жүргізген.
Ресейлік APT топтар еуропалық мемлекеттік мекемелерге, қорғаныс компаниялары мен әскери ұйымдарға бағытталған шабуылдарын жасауды жалғастырды, сонымен бірге кибершабуылдардың көбісі Украинаға қарсы бағытталған. Сонымен қатар, беларуссиялық APT-топтардың белсенділігі Ресейдің әскери мақсаттарына сәйкес келді. Сонымен қатар, Украина Солтүстік Кореядан келген зиянкестер топтарының назарында болды.

Алты айлық зерттеу барысында ESET мамандары APT топтарының өз қызметінің әртүрлі кезеңдерінде ЖИ және ірі тілдік модельдерді (LLM) қолданудың бірнеше жағдайын анықтады. Зиянкестер бұл технологияларды біріншіден көп уақыт пен күшті қажет ететін үдерісті жылдамдату үшін, атап айтқанда зиянды бағдарламаларды немесе жалған сайттарды жасау үшін пайдаланған. Кейбір жағдайларда бұл тәсіл вайбкодингке (ағыл. vibe coding) ұқсас – пайдаланушының мәтіндік сұраулары негізінде ЖИ көмегімен жасалатын бағдарламалық кодты жасау әдісі», - деп атап өтті ESET компаниясының қауіптерді зерттеу жөніндегі директоры, Жан-Ян Бутен.
Таяу Шығыста Иранмен байланысты FilthyFeline және MuddyWater топтары біраз уақыт тыныштық кезеңінен кейін өз белсенділігін қайта жандандырды. Шабуылдарының басым бөлігі Израильдегі әртүрлі салалардаңы ұйымдарына бағытталған; сондай-ақ АҚШ-тың аздаған компаниялары да нысанаға алынды. Сонымен қатар, FilthyFeline тобы бұған дейін BladedFeline шабуылына ұшыраған Өзбекстандағы мобильді желі операторына шабуыл жасады.
Сонымен қатар қытайлық APT топтар осы кезеңде тайваньдық жартылай өткізгіштер саласындағы ұйымдарына қарсы ауқымды кампаниялардың бірін жасаған. Бұл шабуылдар Қытайдың өнеркәсіптік тыңшылық саласындағы ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес келеді және экономикалық бәсекелестік пен ұлттық қауіпсіздік үшін жартылай өткізгішті жеткізу тізбегінің стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.
Ресеймен байланысты APT топтардың белсенділігі Украина және Еуропа елдеріндегі нысаналарына тағы да назар аударды. Gamaredon операцияларының саны азайғанмен, бұл топ PteroBox файлдарын ұрлауға арналған құралын жаңартып, Ресеймен байланысы бар Turla киберқылмыскерлер тобы әзірлеген PteroPSDoor және Rezzuar сияқты жаңа құралдарын пайдалана бастады.
Ресейлік PhantomCaptcha киберқылмыстық тобы украиналық ұйымдардың атын жамылып, Android құрылғыларына PrincessSpy шпиондық бағдарламалық құралын таратуға әрекеттенді. Сондай-ақ ESET мамандары MDaemon пошта серверлеріндегі осалдықтарды пайдалануға негізделген шабуыл науқанын анықтады. Науқан барысында зиянкестер жәбірленушілердің құрылғыларына рұқсатсыз қол жеткізу үшін HELLAGE және HELLTAG бэкдорлары деп аталатын зиянды бағдарламалардың екі түрін орналастырған.
ESET мамандары Беларусьпен байланысты зиянкестердің белсенділігі артқанын байқады. Олардың кибероперацияларының жекелеген әдістерінің ресейлік APT топтарының тактикаларымен ұқсастығы олардың арасында ықтимал үйлестіру бар екенін, атап айтқанда, беларусь топтарының киберпрокси ретінде пайдаланылуы мүмкін екенін көрсетеді. Атап айтқанда, ESET зерттеушілері Беларусь зиянкес тобының дамуындағы жаңа кезеңді көрсететін Еуропа аумағында тіркелген алғашқы жойқын кибершабуылын анықтады.
ESET телеметриясының деректеріне сәйкес Беларусь FrostyNeighbor киберқылмыскерлер тобы мемлекеттің көлік секторында маңызды рөл атқаратын украиналық өндірістік компанияға шабуыл жасады. Осы уақытқа дейін Украинадағы жойқын кибершабуылдар мұндай операцияларды жүргізуде мол тәжірибесі бар ресейлік зиянкес топтармен байланысты болғанын айта кету керек.
Солтүстік Кореямен байланысты зиянкестер технологиялық ұйымдар мен криптовалюта саласындағы компанияларға, сондай-ақ бағдарламалық жасақтама әзірлеушілеріне бағытталған шабуылдарын жалғастыра отырып, өз мақсаттарын өзгерпеді. Оңтүстік Кореямен қатар, Украина да Солтүстік Кореяның APT топтарының шабуылдарына барған сайын жиі ұшырап келеді.
Сондай-ақ Lazarus тобының ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) өндіретін украиналық компанияларға шабуылдарын қайта жандандырғаны байқалды. Дрондар туралы құнды деректер сақталған жүйелерге бастапқы қол жеткізу үшін киберқылмыскерлер әлеуметтік инженерия әдістерін қолданып, жалған жұмыс ұсыныстарын таратқан.
APT топтарының шабуылдарына қарсы тұру үшін компаниялар қауіпсіздікке кешенді тәсіл арқылы барынша жоғары деңгейдегі қорғанысты қамтамасыз етуі маңызды. Атап айтқанда, құрылғыларды қуатты қорғауға арналған шешімдерді қолдану, қауіптерді кеңейтілген анықтау және оларға әрекет ету мүмкіндіктерін, бұлттағы кеңейтілген талдауды және деректерді шифрлауды қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар ықтимал шабуыл векторларын және белгілі бір топтардың қызмет ерекшеліктерін түсіну маңызды. Бұл ақпарат APT қауіптері туралы есептерде қолжетімді.
ESET зерттеушілері белгілі бір APT топтарының қызметі туралы деректерді үнемі жаңартып, кеңейтілген есептер түрінде егжей-тегжейлі техникалық ақпарат дайындайды. Бұл тиісті ұйымдарға пайдаланушыларды, аса маңызды инфрақұрылымды және басқа да маңызды активтерді нысаналы кибершабуылдардан қорғауға көмектеседі. ESET Threat Intelligence қызметі аясында ұсынылатын APT қауіптері туралы кеңейтілген есептер жөніндегі қосымша ақпаратты сілтеме арқылы алуға болады.
APT топтардың қызметі туралы толығырақ ESET-тің толық есебінен оқысаңыз болады.
ESET өнімдерін пайдаланушылары IT-жүйелерінде зиянды әрекеттерді анықталған жағдайда, support@esetofficial.kz электрондық пошта мекенжайы арқылы көмек сұрай алады.