Киберқауіптер рейтингі: ЖИ киберқылмыскерлер шабуылдарының тиімділігін айтарлықтай арттырады

Келесі жаңалық

ESET компаниясы – ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы – 2025 жылдың желтоқсанынан 2026 жылдың мамырына дейін кең таралған киберқауіптер рейтингін дайындады. ESET зерттеушілері осы кезеңде кибершабуылдардың тиімділігі мен ауқымының айтарлықтай артқанын атап өтті. Бұл негізінен қылмыстық мақсаттарға жету үшін жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын белсенді пайдалануға байланысты болды.

Осы кезеңде ESET зерттеушілері танымал репозиторийлерден 900 000-дай ЖИ функционалдық компоненттерін талдап, олардың 25 000-ы күдікті, ал 3 000-нан астамы сөзсіз зиянды екенін анықтады. Айта кетейік, ЖИ функционалдық компоненттері – бұл мәтіндік нұсқауларды үнемі енгізудің орнына ЖИ-ке  нақты тапсырманы қалай орындау керектігін, атап айтқанда, қандай қызметтерді немесе құралдарды пайдалану керектігін және қандай деректерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін шағын бағдарламалық модульдер.

Есепте ESET мамандары Mimikatz немесе Impacket сияқты постөңдеуге арналған сыртқы құралдарды біріктіретін, сондай-ақ жүйеде орнығу механизмін (JSON файлы) және өзін-өзі өзгерту құралын (Python тіліндегі код)жасауға арналған ЖИ-тің зиянды функционалдық компоненттеріне ерекше назар аударады. Олардың қауіптілігі ЖИ-тің болжап болмайтын әрекетіне немесе олардың зиянкестер тарапынан пайдаланылуына әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ зерттеуде сканерлеудің тек негізгі әдістерін (1990-шы жылдардағы антивирустық құралдар деңгейінде) іске асыратын, алайда жалған қауіпсіздік сезімін тудыратын немесе VirusTotal-да хештер, сілтемелер мен IP мекен-жайлардың беделін тексеретін қауіпсіздік сканерлері ретінде ұсынылатын зиянсыз, бірақ мәселелерді туындататын ЖИ-тің функционалды компоненттері аталады.

«Қазіргі уақытта зиянкестер мүлде жаңа құралдарды жасаудың орнына, ЖИ-ті пайдалана отырып, қолданыстағы әдістерді жаңа платформаларды бұзуға, заманауи технологияларды айналып өтуге және тіпті ең тәжірибелі пайдаланушыларды алдауға жылдам бейімдейді.ЖИ-тің зиянды функционалдық компоненттерінің саны тұрақты түрде артып келеді, дегенмен үлкен тілдік модельдерге (LLM) енгізілген теріс пайдаланудан қорғайтын механизмдер олардың таралу қарқынын бәсеңдетуі мүмкін», — деп түсіндіреді ESET қауіптердің алдын алу зертханасының директоры Иржи Кропач.

Сонымен қатар қателер туралы жалған хабарламаларды пайдаланатынClickFix әлеуметтік инженерия әдісі жалған CAPTCHA сұрауларынан ЖИ тақырыбындағы толық анықтамалық беттерге, браузер кеңейтімдеріне және бұлттық растау сценарийлеріне ауысты. ESET телеметриясы анықтаған осы тәсілді пайдалану жағдайларының саны екі еседен астам өсті, бұл зиянкестердің тұрақты белсенділігі мен жаңа жағдайларға бейімделіп отырғанын көрсетеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ClickFix жаңа ортада – macOS жүйесінде анықталды. Бұл жүйеге қауіп жүйелік утилиталарды орнататын пәрмендер ретінде көрсетілген командалар арқылы енген.

Сондай-ақ, ESET зерттеушілері ClickFix әдісінің AI-fix және ConsentFix деген нұсқаларын анықтады. AI-fix пайдаланушылардың танымал ЖИ модельдеріне деген сенімін пайдаланады.Зиянкестер танымал ЖИ сервистерін жеткізушілердің атынан жалған беттер жасап, зиянды нұсқауларды ақауларды жою жөніндегі кеңестер ретінде жасырып, құрбандарды қауіпті әрекеттерді орындауға итермелейді.Сонымен қатар ConsentFix Microsoft есептік жазбаларына шабуыл жасау үшін ClickFix әдісін бейімдеп, құпиясөздердің орнына әлеуметтік инженерия мен OAuth-токендерді ұрлауды пайдаланады.Жалған тексеру үдерісі аясында құрбандар OAuth авторизация кодын қамтитын сілтемені көшіріп, оны фишингтік бетке кірістіруі тиіс. Кейін зиянкестер осы URL мекенжайындағы OAuth-токенді пайдаланып, құрбанның Microsoft есептік жазбасына қол жеткізеді.

Фишингтік кампаниялар пайдаланушылардың мінез-құлқына қарай өзгертулерге ұшырайды. QR-кодты пайдалану арқылы жасалатын фишинг (сондай-ақ «квишинг» атауымен белгілі) рекордты көрсеткіштерге жетті – айына орташа есеппен 100 000 анықтау. Зиянкестер көбінесе тексеруден айналып өтіп, пайдаланушымен өзара әрекеттесуді мобильді құрылғыларға көшіру үшін зиянды сілтемелерді QR-кодтарға ендіреді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында анықталған барлық зиянды электрондық хаттардың шамамен 11%-ында фишингтік QR-кодтар болды.

Қауіптер рейтингіне Android құрылғыларына шабуыл жасау үшін ЖИ-ті бірінші болып пайдаланғанPromptSpyзиянды бағдарламасы да кірді. PromptSpy құлыптау экранындағы деректерді ұстап қалуы, оны жою әрекеттеріне кедергі келтіруі, құрылғы туралы ақпаратты жинауы, экран суреттерін түсіруі, экрандағы әрекеттерді бейнежазбаға түсіруі және басқа да зиянды әрекеттерді орындауы мүмкін. Бұған дейін ESET телеметрия жүйесі 2026 жылғы 22 ақпанда Украинада тіркелген PromptSpy-ға қатысты бір ғана оқиғаны тіркеген.

Есеп деректеріне сәйкес, қылмыскерлердің бопсалаушы бағдарламаларды пайдалану деңгейі мүлдем төмендеген жоқ. ESET зерттеушілері шабуылдар кезінде киберқауіпсіздік шешімдерін істен шығаратын құралдар болып табылатын 100-ден астам түрлі EDR-киллерді тіркеді. Бұл зиянды бағдарламалардың жаңа нұсқаларын зиянкестер барған сайын жиі қолдануда, өйткені EDR санатындағы шешімдердің жұмысын тоқтату осы қорғау деңгейін айналып өтуге қарағанда әлдеқайда оңай. Ол үшін EDR-киллерлер әртүрлі әдістерді пайдаланады, олардың ішінде ең кең таралғаны — қорғаныс үдерістерін тоқтату мақсатында заңды, бірақ осал драйверлерді пайдалану.

ЖИ қолданылатын шабуылдар ауқымының артуына байланысты ESET мамандары кибергигиенаның негізгі қағидаларын сақтаудың маңыздылығын атап өтеді. Атап айтқанда, белгісіз сілтемелерге өтпеу, есептік жазбаларға кіру кезінде көп факторлы аутентификацияны пайдалану, драйверлер мен қолданбаларды күмәнді дереккөздерден жүктемеу және заманауи киберқауіптерден сенімді қорғану үшін кешенді қорғаныс шешімдерін қолдану ұсынылады. Сонымен қатар корпоративтік пайдаланушылар үшін басты ұсыныс – киберинциденттердіуақтылы анықтап, оларға жедел әрекет етуге арналған озық қорғаныс құралдары мен жетекші сарапшылардың тәжірибесін біріктіретін MDR санатындағы шешімді таңдау.

Толық есеп сілтеме бойынша қолжетімді.

IT-жүйелерінде зиянды белсенділік анықталған жағдайда Қазақстандағы ESET өнімдерін пайдаланушылар тәулік бойы жұмыс істейтін техникалық қолдау қызметінеsupport@esetofficial.kz электрондық поштасы арқылы әрдайым жүгіне алады.