ESET компаниясы – ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы – бизнеске арналған өнім желісін жаңарту туралы хабарлайды. Атап айтқанда, корпоративті пайдаланушылар үшін бұлттағы жұмыс жүктемелерін қорғау үшін жаңа модуль, ESET Threat Intelligence құралдар жинағын кеңейту, сондай-ақ бұлттық қолданбаларын, ЖИ көмекшісін және XDR құралдарын қорғауды жетілдіру қолжетімді болады.
ESET Cloud Workload Protection маңызды жаңалығы пайдаланушыларға анықтау және жауап беру процесін жетілдіру және бір консольден жұмыс станцияларының, серверлердің және бұлттық орталардың қауіпсіздігін басқару үшін бар қауіпсіздік жүйесін бұлттық виртуалды құрылғыны қорғаумен толықтыруға көмектеседі.
ESET Cloud Workload Protection модулі көрінуді жақсарту үшін деректерді бұлттық виртуалды құрылғылардан ESET PROTECT платформассында импорттап, виртуалды құрылғыларды жария бұлттық ортада қорғайды. Басқа өндірушілер көбінесе бұлттық жұмыс жүктемелерін қорғауды жеке өнім ретінде ұсынады, алайда ESET пайдаланушылары үшін бұл модуль ESET PROTECT Advanced-тен бастап, кешенді шешімдердіңқұрамы ретінде қолжетімді болады.

«Шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ IT қызмет жеткізушілері өнімділігін арттыру үшін бұлттық функцияларды біртіндеп енгізуде, - деп атап өтті ESET шағын және орта бизнес/MSP мәселелері бойынша вице президенті, Михал Янкех. – Ұйымдардың шамамен 80%-ы өздерінің цифрлық бизнес-бастамалары үшін жария бұлттың болуын аса маңызды деп санайды. ESET Cloud Workload Protection шешімінің арқасында біз бұл шабуыл векторы бойынша ықтимал тәуекелдерді азайтып, қорғанысты AWS, Azure және GCP орталарында жұмыс істейтін виртуалды құрылғыларға да кеңейттік».
Бүгін жария бұлттарда деректер қауіпсіздігін бұзудың орташа бағасы әр оқиға үшін 5,17 миллион долларды құрап, барлық орталардың ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Сондықтан бұл жаңа модуль жасанды интеллект негізіндегі автоматтандырудың арқасында жұмысты жеңілдетіп, пайдаланушыларға шабуылдың әр кезеңіндегі қауіптерге жауап беретін құралдардың кең жиынтығын ұсынады. Модуль IT-мамандарына NIST, CIS, HIPAA, PCI DSS сияқты нормативтік талаптарға және т.б. сәйкес тексерулер жүргізуге және аудит есептерін қалыптастыруға көмектеседі.
Компаниялар бопсалаушы бағдарламалар мен ақпарат ұрлауға арналған зиянды бағдарламалардың таралуы және күрделене түсуі мәселесіне жиі тап болған сайын, жоғары сапалы, киберқауіптер туралы тексерілген ақпаратқа (cyber threat intelligence, CTI) сұраныс артып келеді.
Осыған байланысты пайдаланушыларға ESET Threat Intelligenceқұралдар жиынтығының портфолио аясында жаңа шешім – eCrime есептері қолжетімді болады. Бұл жаңа шешімнің арқасында кәсіпорындар нақты оқиғалар туралы бірегей деректерге, соның ішінде шабуыл тізбектерінің толық хронологиясы мен қолданылған құралдар, сондай-ақ нақты өңірлер бойынша телеметрия деректеріне қол жеткізеді.
Жаңа шешім екі деңгейде ұсынылған – ESET Threat Intelligence eCrime Reports және ESET Threat Intelligence eCrime Reports Advanced. Бұл мұқият құрастырылған есептер бүкіл әлемде болған шабуылдардың нақты жағдайлары туралы бірегей ақпараты бар ESET ішкі деректері мен телеметриясына негізделген. Техникалар, әдістер және рәсімдер туралы ақпарат ұсына отырып, ESET eCrime Reports есептері жасырын белсенділік кластерлерін анықтап, киберқауіпсіздікке қатысты стратегиялық шешімдерді қабылдауға және жетілдіруге мүмкіндік береді.
ESET шешімдерінің қосымша жетілдірулерінің ішінде:
- ESET LiveGuard Advanced-те жасанды интеллектті пайдаланатын жаңа есеп беру мүмкіндігі қауіпсіздік мамандарына ESET бұлттық құмсалғышы талдаған инциденттердің әрекеттері мен сипаттамаларын егжей-тегжейлі сипаттайтын мінез-құлық есептерін ұсынады. XDR құралының пайдаланушылары үшін бұл есептер жасанды интеллект негізінде қалыптастырылған қорытындылармен толықтырылып, күрделі нәтижелерді түсінуді жеңілдетеді.
- Әрбір оқиғаның көрнекі көрінісін қамтамасыз ететін XDR-құралыныңпайдаланушылары үшін жетілдірілген оқиға кестелері мен кеңейтілген тергеу мүмкіндіктері. Бұл жетілдіру қауіпсіздік топтарына шабуылдың мәнін тез түсінуге, оның бастапқы нүктесін анықтауға және уақыт өте келе оның дамуын бақылауға мүмкіндік береді. Оқиғалар енді адамға қатысты деректер сияқты егжей-тегжейлі мәнмәтінді ақпаратты, сондай-ақ тергеу мен әрекет етуді жылдам әрі тиімді жүргізуге ықпал ететін жалпы сапалық жетілдірулерді қамтиды. Кешенді іздеу қауіпсіздік көрсеткіштері мен әртүрлі қауіпсіздік периметрлеріндегі байланысты оқиғалар бойынша тез әрі икемді тергеуді қамтамасыз етеді.
- Бұрын тек ESET Inspect арнайы бөлімінде ғана қолжетімді болатын ESET AI Advisor енді ыңғайлылықты арттыру үшін және осы көмекшіге қолжетімділікті жеңілдету үшін ESET PROTECT консоліне қосылды.
Бизнеске арналған барлық өнімдер туралы толығырақ ақпаратты сілтеме бойынша табуғаа болады.