ESET қызметкерлердің киберқауіпсіздік туралы хабардарлығын жақсарту үшін онлайн ресурс ұсынады

Келесі жаңалық

ESET компаниясы – ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы – оқу, тестілеу және қызметкерлердің киберқауіпсіздік туралы хабардарлығын жақсарту үшін ESET Cybersecurity Awareness Training деп аталатын жаңа кешенді онлайн ресурсын ұсынады.

Шешім бизнестің басты бір мәселелерінің бірін – күрделі оқиғалар мен беделді жоғалтуға алып келетін қызметкерлер арасындағы киберқауіпсіздік туралы төмен деңгейлі білімді шешуге мүмкіндік береді. Одан бөлек, шешім қызметкерлердің кесірінен алып келетін шабуылдарды алдын алуға көмектеседі, әсіресе, NIS2, PCI,GDPRжәне т.б.

«ESET компаниясы кибертұрақтылықтың негізі қызметкерлердің хабардарлығы болып табылатынын түсінеді, - деп түсіндірді Михал Янкеч, ESET корпорацияларға, SMB және MSP арналған сегментінің вице-президенті. – ESET Cybersecurity Awareness шешімі шарттарға сәйкестігін тексеріп қана қоймай, сондай-ақ қызметкерлердің мінез-құлқын еліктірудің жетекші әдістері, ойын элементтерін пайдалану және киберқауіпсіздік мәнмітіні көмегімен өзгертеді.»

Неліктен компанияларға қызметкерлердің киберқауіпсіздік туралы хабардарлығын жақсарту маңызды болып табылады?

Verizon2024 жылғы деректердің таралуын тергеу есебіне сәйкес, оқиғалардың 68%-ы адам факторға байланысты болған. Сонымен бірге оқығалардың 73%-ы фишингтік және қызықтыратын хабарламалардан басталған.

Алайда адам қателіктері немесе байқаусыздық қаупін киберқауіпсіздік бойынша білім беру арқылы азайтуға болады. ESET Cybersecurity Awareness Training онлайн ресурсының арқасында пайдаланушылар әлеуметтік инженерия, құпиясөз гигиенасы, қашықтықтағы құрылғыларды қорғау, бопсалаушы бағдарламалық жасақтамалар түрлері және т.б. тектес киберқауіпсіздік тақырыптарымен таныса алады.

ESET онлайн ресурсының артықшылықтары қандай?

ESET Cybersecurity Awareness Training қызметкерлерді қауіпті хаттарды тануды фишинг шабуылдарын симулятор көмегімен шынайы модельдеу арқылы үйретуге мүмкіндік береді. Бұл құрал ұйымдарға тестілеудің шексіз санын жүйелі түрде жаңартылатын жүздеген үлгілернің көмегімен немесе меншікті симуляцияны жасау арқылы өткізуге көмектеседі. Сонымен, фишинг симуляторы компанияларға қызметкерлерін шынайы сценариялар көмегімен тексеріп, оқу жоспарын өзертуге мүмкіндік береді.

Бұл жағдайда қызметкерлерді оқытумен байланысты АТ әкімшілеріне жүктеме аз болады. ESET Cybersecurity Awareness Training көптеген танымал үшінші тарап бұлттық қызметтер және толық API-ментерең интеграция арқасында жеңіл орнатылады. Сондықтан, шешім қызметкерлердің оқытуды басқару жүйелерін (LMS), бірыңғай кіру жүйелерін (SSO), клиенттермен қарым-қатынасты басқару жүйелерін (CRMS) немесе қызметкерлерді басқару ақпараттық жүйелерін (HRIS) пайдалуына қарамастанкомпаниядағы жұмыс процесстерімен синхронизацияланады.

Пайдалануға жеңіл ақпараттық панелі АТ әкімшілеріне қолжетімді курстарға шолу, қызметкерлердің оқу прогрессінің статистикасы  мен фишингтік шабуылдар симуляциясының нәтижелерін береді. Сондай-ақ, әкімшілер қызметкерледің немесе олардың басшыларының талаптарына сай оқу бағдарламаларын дайындау үшін қызметкерлерді белгілі бір топтарға ұйымдастыра алады.

Бұл функциялардың барлығы шабуылдар қаупін азайту мен киберқорғаудың күрделілігін азайтуды біріктіретін ESETкиберқауіптердің алдын алу стратегиясына сай келеді. ESET Cybersecurity Awareness Training адам факторына байланысты шабуылдардың көптеген векторларын қамтиды, ал шешімді жеңіл орнату мен басқару киберқауіпсіздікті жеңілдетуге көмектеседі.

Шешімді сатып алу немесе қосымша консультация үшін sales@esetofficial.kz электрондық поштасы немесе +7 778 003 29 26 телефоны арқылы хабарласыңыз.