ESET компаниясы – ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы – ESET HOME Security Essential және ESET HOME Security Premium, үй пайдаланушыларының құрылғыларын қорғау үшін кешенді жазылымдар, және ESET Small Business Security, шағын бизнес үшін шешімдері жанартуы туралы хабарлайды.
Жаңа өнімдер қатарына – бопсалаушы бағдарламалар шабуылдарынан кейін қалпына келтіру функциясы, микрофонды бақылау және веб-сайттарды қарау кезінде қауіпсіздікті жақсарту, сондай-ақ онлайн контентке шексіз қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы қажетсіз бақылауды болдырмайтын VPN кіреді.

Бүгінгі күні алаяқтық барлық пайдаланушылар үшін ғаламдық қауіп болғандықтан, ESET SMS, электрондық пошта, телефон қоңыраулары, URL мекенжайлары, QR кодтары, зиянды файлдар және т.б. сияқты әртүрлі көздердің шабуылдарына қарсы тұру арқылы әртүрлі алаяқтық әдістерден жетілдірілген қорғауды қамтамасыз етеді.
Жаңартылған ESET HOME платформасы пайдаланушыларға өз отбасыларын қорғауды жеңілдететін, ал шағын бизнес иелеріне қорғалған құрылғыларды қадағалауға, сондай-ақ қолжетімді және түсінікті интерфейсінің арқасында барлық құрылғыларға қауіпсіздік бағдарламаларын орнатуға мүмкіндік беретін қауіпсіздікті басқаруды жеңілдетеді.
«Цифрлық өмірді қорғау үшін алдыңғы қатарлы шешімдерді жеткізуші ретінде ESET қазіргі таңдағы қауіптер жағдайын мұқият қадағалайды және сәйкесінше киберқауіпсіздік шешімдерін жетілдіруде, – деп түсіндірді Виктория Иванова, ESET үй пайдаланушылары мен Интернет заттар сегментіндегі вице-президенті. – Алаяқтықтан күшейтілген қорғау, бопсалаушы бағдарламалар шабуылдарынан кейін қалпына келтірудің жаңа функциясы және құпия деректердің қауіпсіздігінің көптеген жетілдірулері үй пайдаланушылары мен шағын кәсіпорындарға арналған ESET өнімдерін өнімділік пен пайдаланудың қарапайымдылығына минималды әсерді біріктіретін қуатты шешімдерге айналдырады».
Үй құрылғыларына және шағын бизнеске арналған шешімдер негізгі операциялық жүйелердің барлығын қорғайды – Windows, macOS, Android – және ақылды үйдің әртүрлі құрылғыларын қолдайды. Одан бөлек, ESET Small Business Security Windows серверлерін қорғайды.
Windows пайдаланушылары үшін негізгі жетілдірулер:
• VPN қосылды (ESET HOME Security Premium жазылымында қолжетімді): функция анонимді IP-мекенжайының арқасында желі қосылымын қорғайды, ал шексіз өткізу қабілеті онлайн контентке шексіз қол жеткізуге мүмкіндік береді. Windows-тан басқа, VPN macOS, Android және iOS пайдаланушыларына да қолжетімді.
• Құпия деректерді қорғау күшейтілді (ESET HOME Security Essential, ESET HOME Security Premium және ESET Small Business Security жазылымдарында қолжетімді): жаңа микрофон бақылауы Windows құрылғыларының микрофондарына рұқсат етілмеген қол жеткізу әрекеттерін анықтап, пайдаланушыларды хабарландырады.
• Браузерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жетілдірілді (ESET HOME Security Essential, ESET HOME Security Premium және ESET Small Business Security жазылымдарында қолжетімді): фишингтен, алаяқтықтан және зиянды сайттардан қорғау үшін. Бұл функция желі деңгейінде және URL «қара» тізімі көмегімен бекітілмейтін зиянды мазмұнды анықтау үшін браузерде ойнатылатын HTML-кодты сканерлейді.
• Бопсалаушы бағдарламалар шабуылдарынан қалпына келтіру қосылды (ESET Small Business Security шешімінде қолжетімді): бастапқыда ірі бизнес үшін арналған бұл функция қауіптерден болатын зақымды азайтуға мүмкіндік береді.Бопсалаушы бағдарламалардан қорғау ықтимал қауіпті анықтаған уақытта шабуылдардан кейін қалпына келтіру функциясы файлдардың резервтік көшірмелерін дереу жасайды, ал қауіп жойылғаннан кейін жүйені бұрынғы күйіне тиімді түрде қайтарып, файлдарды қалпына келтіреді.
macOS пайдаланушылары үшін жетілдірулер (ESET HOME Security Essential, ESET HOME Security Premium және ESET Small Business Security жазылымдарында қолжетімді):
• macOS 26 Tahoe қолдауы macOS ағымдағы нұсқасындағы қорғауды пайдалануға мүмкіндік береді.
• HTTPS & HTTP/3 қолдауы Интернеттегі пайдаланушылардың қауіпсіздігін жақсартады.
• Құрылғыларды басқару Mac жүйесіне қосылған сыртқы құрылғыларды басқарады. Функция құрылғылардың белгілі бір түрлеріне немесе тіпті жеке құрылғыларға кіруді шектеп, зиянды бағдарламалық жасақтамадан және деректерді рұқсатсыз тасымалдаудан қорғауға көмектеседі.
Бұл жақсартулар алдын алуға ерекше назар аударатын үнемі жетілдіріліп отыратын қауіптерге төтеп беруге көмектесетін айта кету керек. Сонымен қатар, ESET компаниясы кибергигиенаны қолайлы қорғаумен үйлестіруді өте маңызды деп санайды, өйткені шынымен тиімді киберқауіпсіздікті орнату және басқару оңай болуы керек.
Үй пайдаланушылардың құрылғыларын көпдеңгейлі қорғау және шағын бизнес ішін шешімдер туралы толығырақ ақпарат.