ESET компаниясы – ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы – ESET HOME Security Essential және ESET HOME Security Premium кешенді жазылымдарының, сондай-ақ ESET Small Business Securityшешімдерінің жаңартылғаны туралы хабарлайды. Жақсартулар үй пайдаланушылары мен шағын бизнеске жасанды интеллект, зиянды сілтемелер және ЖИ құралдарына бағытталған жаңа қауіптерді қолданатын күрделі схемаларды қоса алғанда, онлайн алаяқтықтан қорғауды күшейтуге көмектеседі.
«Жасанды интеллект тез арада күнделікті цифрлық өмірдің бір бөлігіне айналуда және киберқылмыскерлер оны алаяқтық схемалары мен шабуылдардың жаңа тәсілдерін жасау үшін қолданып жатыр, — дейді ESET үй шешімдері және IOT бойынша вице-президенті. — Бұл жолы біз жұмыс істеуге, мазмұнды қарауға, байланыс орнатуға және ЖИ құралдарымен тәжірибе жасауға байланысты салаларды қорғауды күшейтеміз. Біздің мақсатымыз – қауіпсіздіктің озық технологияларын пайдалануды жеңілдету, түсінікті және әрқашан қолжетімді ету арқылы пайдаланушыларды барған сайын күрделі онлайн ортада қорғау».
Жаңа технологияларды белсенді пайдалануына байланысты ESET компаниясы үй пайдаланушылары мен шағын бизнесті алаяқтықтан қорғауды күшейтіп, қауіпсіздіктің жаңа деңгейін ұсынады – динамикалық цифрлық әлемнің сын-қатерлерін ескере отырып арнайы жасалған ЖИ Қорғау.
ЖИ Қорғаудың негізгі функционалдық мүмкіндіктері

ЖИ-мен қарым-қатынасты қорғау (текESET HOME Security Premium және ESET Small Business Security шешімдерінде қолжетімді) –пайдаланушылар мен ChatGPT өзара қатынасын тексереді. Болашақта басқа да үлкен тілдік модельдер (LLM), атап айтқанда Gemini және Copilot интеграцияланады. Функция LLM жауаптарында табылған URL мекенжайларын белсенді тексеріп, фишингтік, зиянды немесе ықтимал қажетсіз көздерден пайда болатын мазмұнды белгілеп, пайдаланушыларды қауіп туралы ескертеді және қауіпті сілтемелерге өтуді бұғаттайды. Сондай-ақ модуль пайдаланушылар құрылғыларында зиянды кодты іске қосудың алдын алу үшін үлкен тілдік модельдер жасаған скрипттерді сканерлейді
ЖИ агенттерін қорғау – ЖИ агенттердің қандай ресурстарға қол жеткізе алатынын және орындаудаан бұрын нені жүктейтінін қадағалайды. Функция жасанды интеллект құралдары жүктеген қауіпті файлдардан, скрипттерден және күдікті сыртқы сілтемелерден белсенді түрде қорғайды.
ЖИ Агенттерін қорғау технологиясының негізінде әзірленген – ESET AI Skills Checker тегін онлайн құралын атап өту керек. Ол пайдаланушылар орнатып, қолдана бастағанға дейін функционалдық компоненттерді (skill немесе скилл – ЖИ құралдарының мүмкіндіктерін кеңейтетін қосымша) зиянды белсенділіктер мен қауіпті мінез-құлық белгілерін бар-жоғын тексереді.
ЖИ мінез-құлқын бақылау – әдеттен тыс әрекеттерді, күдікті қол жеткізу әрекеттерін және жүктеудің күдікті көздерін анықтау үшін ЖИ агенттерінің мінез-құлқы мен әрекеттерін үздіксіз бақылап, Агенттерді қорғау функциясымен бірге жұмыс істейді
Сондай-ақ үй пайдаланушылары мен шағын бизнеске онлайн белсенділік кезінде құпия деректерді қорғауға арналған жаңа функция қолжетімді – Браузер терезесін қорғау атты жаңа функция қолжетімді болады, ол:
- экранның рұқсатсыз скриншоттарын түсіруге, жазуға және бөлісуге жол бермейді;
- ақпаратты ұрлау қауіптерінен және экран кескіндерін түсіретін зиянды бағдарламалардан қорғайды;
- онлайн-банкингті пайдалану және жеке шолу сеанстары, сондай-ақ онлайн сатып алулар жасаған кезінде қауіпсіздікті күшейтеді.
Сонымен қатар, ESET компаниясы қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер аясын кеңейтіп, зиянды веб-сайттар мен сілтемелерді, сондай-ақ құрылғы параметрлерінің дұрыс бапталмауынан немесе осал Wi-Fi желілерін пайдаланудан туындайтын қауіптерді анықтайтын мобильді құрылғыларды қорғауға арналған – ESET Mobile Security for iOS* бағдарламасын ұсынады. Бұл қолданбаApple App Store дүкенінде қолжетімді болады, сондай-ақ оның пайдаланушылар жүктеп алғаннан кейін бірден пайдалана алатын негізгі тегін функциялары және кеңейтілген мүмкіндіктері бар премиум нұсқасы болады.
ESET Mobile Security for iOS қолданбасының негізгі функциялары:
Сілтемелерді тексеру– ESET-тің үздіксіз жаңартылып отыратын дерекқорының көмегімен кез-келген URL мекен-жайларын тексереді.
Құрылғыны сканерлеу – қауіпсіздік күйіне бір рет басу арқылы шолу жасауға мүмкіндік береді және құрылғы параметрлерін ықтимал осалдықтардың бар-жоғын тексеріп, соның ішінде дұрыс бапталмаған параметрлерді, қорғанысқа қатысты рұқсаттардың жоқтығын және басқа да мәселелерді анықтайды.
Құрылғы параметрлерін тексеру – экран құлпын, хабарламаларды өңдеу параметрлерін және болашақ жаңартуларды орнатуға қажетті бос жад көлемін қоса алғанда, негізгі қорғау параметрлерін тексереді.
Ал премиум жазылым иелері келесі қосымша мүмкіндіктерді пайдалана алады: Safari браузеріне арналған Антифишинг – зиянды веб-беттерді жүктелмей тұрып бұғаттайды, және Қосылымдарды қорғау – қауіпті немесе қорғалмаған Wi-Fi желілерін белгілейді және сенімді желілер тізімін жасауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған барлық жаңартулардан бөлек, ESET Small Business Security шешімінің құрамына енді Веб бақылау функциясы да кіреді. Бұл функция пайдаланушыларға веб сайттарға қол жеткізуді реттеуге мүмкіндік береді. Осылайша, қызметкерлерді қауіпті немесе орынсыз мазмұнды, ықтимал қорлайтын материалдарды, зияткерлік меншік құқықтарын бұзатын контентті қамтуы мүмкін немесе жұмыс өнімділігіне кері әсер ететін веб-беттерге кіруден қорғауға болады.
Үй шешімдері туралы толығырақ ақпаратты сілтеме бойынша алуға болады. Шағын бизнесті қорғау туралы қосымша ақпарат ресми сайтта қолжетімді.
*iOS қолданбасы Apple App Store тарапынан мақұлданғаннан кейін пайдаланушыларға қолжетімді болады. Қолданбаның нақты қолжетімділігі елге байланысты өзгеруі мүмкін.