ESET компаниясы – ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы – жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының қарқынды дамуымен байланысты заманауи қауіптерден қорғауға бағытталған бизнеске арналған өнімдердің жаңартылған портфолиосын ұсынады. Жетілдірулер ұйымдарға жаңа тәуекелдерге тиімді әрекет етуге және ЖИ дәуіріндегі жаңа мүмкіндіктерді қауіпсіз пайдалануға көмектеседі.

Жасанды интеллекттің дамуымен киберқауіпсіздікке деген көзқарас өзгеріп келеді. Қызметкерлер өз жұмыстарын ЖИ құралдарының көмегімен автоматтандыруда, әзірлеушілер бағдарламалар жасау кезінде ЖИ көмекшілерін, ал компаниялар заманауи технологияларды қолданатын ЖИ агенттері мен жаңартылған жұмыс процестерін пайдалануда. Алайда мұндай өзгерістер қосымша артықшылықтар беріп қана қоймай, кибершабуылдар бағыттарын да кеңейтеді.
ESET мамандары жасанды интеллект технологияларын пайдаланатын бірнеше қауіптерді, мысалы, PromptLock және PromptSpy, сондай-ақ ЖИ мыңдаған зиянды функционалдық компоненттерін анықтады. Мұндай заманауи технологиялар инновацияларды енгізуді жеделдетіп, орасан зор пайда әкелгенімен, сонымен қатар қауіпсіздік тәуекелдерін айтарлықтай арттырады, бұл өз кезегінде кибертұрақтылықты қамтамасыз етудің жаңа шешімдерін әзірлеу қажеттілігін туындатады.
«Бүгінде ұйымдарға жаңа әрі күрделі қауіптерден бір қадам алда болуы маңызды, алайда олардың көбінде, әсіресе шағын және орташа бизнес компанияларында, бұл үшін ресурстар мен қажетті қолдау жетіспейді.Мұндай жағдайда киберқорғау технологиялары заманауи қауіптерді анықтап қана қоймай, сондай-ақ ықтимал тәуекелдердің алдын алу үшін инновациялық тәсілдерді пайдалануы қажет», - деп атап өтті Михал Янкех, ESET корпорациялар мен шағын және орташа бизнес/MSP шешімдері сегментіндегі вице-президенті.
Кибершабуылдарға жасанды интеллектті пайдалану арқылы қарсы әрекет ету үшін ESET компаниясы өз бизнеске арнлаған шешімдер портфолиосын жетілдіріп, ESET PROTECT платформасына – жаңа ЖИ Қорғау модулін қосты. Бұл жаңартудың арқасында ұйымдар қауіпсіздікке сенімді түрде жасанды интеллект технологияларын енгізіп, жаңа мүмкіндіктері бар шешімдердің артықшылқтарын пайдалана алады:
- ЖИ агенттерін қорғау: ЖИ автономды агенттік жүйелерін пайдаланатын компанияларды зиянды компоненттерден қорғау үшін, сондай-ақ өнімділікке әсер етпейтін қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге арналған арнайы функция.
- ЖИ мінез-құлқын бақылау: күдікті әрекеттерді анықтап, белгілейтін, тәуекелді азайтуға, ЖИ агенттерінің жұмысын бақылауды күшейтуге және ЖИ-дің қалыптан тыс мінез-құлқынан туындайтын оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік беретін ЖИ автономды агенттік жүйелерінің мінез-құлқын үздіксіз бақылау функциясы.
Жаңа модуль ESET PROTECT Advanced, ESET PROTECT Complete, ESET PROTECT Enterprise, ESET PROTECT Elite, ESET PROTECT MDR, ESET PROTECT MDR Ultimate шешімдерінің қолданыстағы және жаңа пайдаланушыларына қолжетімді.
ESET компаниясы қауіпсіздікке басымдық бере отырып, жасанды интеллектті дамытуға инвестиция салу арқылы ЖИ негізіндегі негізгі анықтау технологияларын да жетілдіруде. Киберқауіпсіздік бойынша ESET LiveAI көмекшісіне (бұрын ESET AI Advisor ретінде белгілі болған) қосымша, ол инциденттерге нақты уақыт режимінде әрекет ету үшін мазмұн ұсынудың жетілдірілген мүмкіндіктеріне ие, енді ESET PROTECT платформасының құрамына жаңа корреляция және әрекет ету механизмі – ESET LiveCortex кіреді.
«Автономды ЖИ дәуіріне көшу жағдайында ESET компаниясы ұйымдарға жасанды интеллектке байланысты жаңа қауіптерге төтеп беруге көмектесу мақсатында әзірленген бизнеске арналған шешімдердің жаңа портфелін ұсынады. Киберқауіпсіздікті ЖИ негізінде дамытуға 40 миллион еуро көлемінде инвестиция салумен қатар, бұл жаңарту біздің жасанды интеллект қауіпсіздігіндегі олқылықтарды жоюға деген ұзақ мерзімді ұмтылысымызды көрсетеді», — деп толықтырды Михал Янкех.
ESET бизнес шешімдерінің кең мүмкіндіктері туралы сілтеме бойынша біліңіз.