Ақылды үйдің құрылғыларын қорғау

ESET өнімдері сандық құрылғыларды барлық жиынтығын, демек ДК, ноутбуктер, смартфондар, смарт теледидарлар және заттар Интернетін қорғайды. Сонымен қатар, олар барлық операциялық жүйелер: Windows, Mac және Android үшін қолжетімді.
 

Компьютерлер мен ноутбуктер: зиянды бағдарламалардың бірнеше түрінен қорғау, қауіпсіз онлайн-банкинг пен веб-сайттарды шолу, сонымен қатар, қауіпсіздік күйіқадағалау. Желі инспекторы Wi-Fi желісінен келетін қауіптерді бұғаттайды, үй роутерін қорғайды және оған қосылған құрылғылардың тізімін көрсетеді.
 

Смарт теледидарлар мен заттар Интернеті құрылғылары: смарт теледидарлар мен смарт үй экожүйесін - ұялы телефондарды, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы және басқа құрылғыларды қорғау. Желі инспекторы функциясының көмегімен құрылғылардағы осалдықтарды тексереді, сондай-ақ деректерге рұқсатсыз кіруді болдырмайды және бопсалаушы бағдарламалардан қорғауды қамтамасыз етеді. Нақты уақыттағы қорғау, жоспарланған сканерлеу және антифишинг функциясы қауіпсіздіктің тұрақты жоғары деңгейін және алаяқтықтан қорғауды қамтамасыз етеді.
 

Ұялы телефондар мен смартфондар: Android жүйесіне арналған ESET Mobile Security шешімінің көмегімен зиянды бағдарламалардың барлық түрінен қорғау. Веб-парақшаларды қауіпсіз шолуға және банктік операцияларды онлайн іске асыруға мүмкіндік береді, смартфондар мен планшеттерді сандық қауіптерден қорғайды, сонымен қатар құрылғыны ұрланған немесе жоғалған кезде табуға көмектеседі.