ESET компаниясы – ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы – Windows жүйесіне арналған ESET Endpoint Security шешімінің 12 нұсқасы бағдарламалық жасақтаманы қорғау профилінің бөлігі ретінде (Protection Profile for Application Software) белгілі бір қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын Common Criteria (ISO/IEC 15408) сертификатын алғаны туралыхабарлайды.
Мұндай сертификатты алу өнімнің қауіпсіздік механизмдері тәуелсіз тексерілгенін және оны киберқауіпсіздікке қойылатын талаптары жоғары орталарда пайдалануға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Common Criteria — бұл IT өнімдерінің қауіпсіздік деңгейін тәуелсіз бағалау үшін бүкіл әлемде мойындалған халықаралық стандарт. Мұндай сертификаттың болуы көбінесе мемлекеттік секторда, маңызды инфрақұрылым нысандарында, денсаулық сақтау, қаржы салаларында және ақпараттық қауіпсіздік пен реттеушілік бақылауға қойылатын талаптары жоғары басқа да салаларда жұмыс істейтін ұйымдар үшін бағдарламалық шешімдерді таңдауда маңызды, тіпті кейде міндетті талап болып табылады.
ESET компаниясы жұмыс станцияларын қорғауға арналған флагмандық шешімін сертификаттау арқылы нарықтағы өз позициясын нығайтып, ақпаратық қауіпсіздік саласындағы өзекті халықаралық талаптарға сәйкестігін растайды. ISO/IEC 15408 сертификатын алу компанияның кибертұрақтылық пен сенімділікке қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып шешімдерді жасауға ұмтылысынкезекті түрде дәлеледейді.
Естеріңізге сала кетейік, ESET Endpoint Security корпоративтік желінің нақты қажеттіліктерін ескере отырып таңдалатын кешенді шешімдер құрамында сатып алуға қолжетімді. Атап айтқанда, ESET PROTECT Complete шешіміне жұмыс станцияларын қорғаудан бөлек, қосымша ретінде пошталық серверлерді қорғау, бұлттық қолданбаларды қорғау, бұлттағы кеңейтілген талдау және толық дискілік шифрлау кіреді.
Егер сіз ұйымыңыздың қажеттіліктеріне сай келетін шешімді таңдағыңыз келсе, sales@esetofficial.kzэлектрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.
Сертификатты сілтеме бойынша көруге болады.