ESET ADEON International компаниясымен жаңа серіктестік туралы хабарлайды

Келесі жаңалық

Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы ESET бүгін Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстандағы пайдаланушыларды қорғауды жалғастыру үшін ADEON International компаниясымен жаңа стратегиялық серіктестік жасағаны жайлы хабарлайды. Осылайша, осы елдердің пайдаланушылары ESET өнімдері мен қызметтерінің барлық артықшылықтарын толық ресми техникалық және ақпараттық қолдау арқылы алады.

Соның ішінде үй компьютерлерін қорғауды 35 жыл бойы пайдаланушылардың қауіпсіздігін қорғап келе жатқан, дәстүрлі түрде аты аңызға айналған вирусқа қарсы бағдарлама ESET NOD32 Antivirus қамтамасыз етуді жалғастырады. Ал корпоративтік желілерді мықты, жан жақты қорғауды ESET PROTECT қамтамасыз етеді. Ол қауіптерді кеңейтілген анықтау, сонымен қатар тиімді алдын алу және әрекет ету мүмкіндігі бар қауіпсіздікті басқару бойынша кешенді әрі көп деңгейлі платформалардың бірі болып табылады.

«Нарықта тұрақты бола тұра және өнімдердің толық портфолиосын ұсына отырып, біз пайдаланушыларды үнемі өсіп келе жатқан сандық қауіптерден қорғауды қамтамасыз ете аламыз және ADEON International-мен жақынырақ жұмыс жасай отырып, жергілікті серіктестеріміз бен пайдаланушыларымыз ресми жергілікті ESET сайттары, ресми интернет-дүкендері, білікті техникалық қолдау көрсету, сондай-ақ танымал әлеуметтік желілердегі парақшалар сияқты қосымша артықшылықтарды пайдалана алады», - дейді Мирослав Микуш, ESET сату жөніндегі директоры.

«Біз үшін Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова Республикасы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанда ESET компаниясының эксклюзивті серіктесі болу үлкен құрмет. Осы жылдар ішінде ESET-пен берік қарым-қатынасымыздың арқасында біздің мамандар тобы Украинадағы миллиондаған пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті қолдауды көрсетті. Біз осы сегіз елдегі тұтынушыларымызға бірдей жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз етуге дайынбыз», - дейді ADEON International басқарушы серіктесі Александр Безруков.

Жақын арада осы елдердегі ESET серіктестері мен пайдаланушылары барлық қажетті ақпаратты жергілікті тілдерде https://www.eset.com ресми веб-сайтында, әлеуметтік желілердегі жергілікті беттерде, тәулік бойы жұмыс істейтін техникалық қодау көрсету қызметтерін, сондай-ақ басқа да көптеген қосымша артықшылықтарды ала алады. Осылайша, дистрибуция арнасындағы өзгерістер ESET-ке осы елдердің пайдаланушыларына жақынырақ болуға, олардың сандық қорғаныс деңгейін күшейтуге, және де аймақтық серіктестермен тығыз әрі жемісті ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Әзірбайжандағы пайдаланушылар ESET өнімдерін эксклюзивті түрік серіктес - Stratus Bilişim Sistemleri Ticaret A.Ş. компаниясынан сатып ала алады.

Толығырақ ESET баспасөз релизінен оқыңыз.