ESET премиум қолдауы

Жылдам және кезексіз көмек

Проблемаларды жылдам және егжей-тегжейлі талдау, сондай-ақ демалыссыз аптасына 7 күн тәулік бойы оларды жою бойынша ұсыныстар беру

Бірінші қадамнан бастап қауіпсіздік

Тәжірибелі мамандар ESET өнімдерін орнатқаннан кейін бірден баптауға көмектеседі. Премиум қолдау қызметіне хабарласу болашақта ықтимал проблемалардың санын азайтады.

Кез келген уақытта қол жетімділік

Белгілі ESET зерттеушілерінің тәулік бойы жұмыс істейтін білікті техникалық қолдау көрсету қызметі шешімдерді баптау және өрбітуге байланысты кез келген проблеманы шешуге көмектеседі.

Үздіксіз жұмыс

ESET өнімдерінің интерфейсі интуитивті түсінікті және егжей-тегжейлі құжаттамасы бар. Дегенмен, тәжірибелі мамандардың көмегі қате баптаулар мен жұмыста пайда болатын ақаулардың қатерін азайтады.

Жылдам әрекет ету

Премиум қолдау кқрсету қызметінің пайдаланушыларының сұрақтары жылдам өңделеді. Тіпті әзірлеушілердің қатысуын қажет ететін тапсырмалар да бірінші кезекте орындалады.

Жеке көзқарас

Біздің мамандар жауап беру кезінде корпоративтік ортаның ерекшеліктерін ескеру үшін, ал инцидент кезінде оперативті түрде көмектесу үшін сіздің компанияңыздың АТ бөлімімен жұмыс істейді.

Шешімдерді баптау

Корпоративтік желіде өрбітілген ESET өнімдерін дұрыс баптау үшін қорғау жүйесінің күйін тексеруді (ESET Premium Support Advanced жүйесінде қол жетімді) пайдаланыңыз.

ESET пайдаланушыларына премиум қолдау көрсету

ESET техникалық қолдау көрсету қызметінің мамандары жан-жақты АТ қауіпсіздігін өрбітуге қатысты барлық сұрақтар бойынша қажетті көмек көрсетеді.
Премиум қолдау тәулік бойы қолжетімді, бұл кез келген АТ қауіпсіздігі баптауы мен өрбіту проблемаларына кәсіби қолдауға үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Жеке тәсіл мен проблеманы опеартивті шешу жұмыстың іркілуінің пайда болуының кез-келген қауіпін азайтады.

ESET тұтынушыларды премиум қолдау қызметтері мекемеңізде өрбітілген ESET АТ қауіпсіздік шешімдерін барынша пайдалануға қалай көмектесетінін біліңіз.

ESET Premium Support Essential

Кез келген мәселені жылдам және егжей-тегжейлі талдау, содан кейін ақауларды жою бойынша кеңестер. Жауаптар мекеменің жеке қажеттіліктеріне бейімделген: пайдаланушының қауіпсіздік ортасындағы техникалық проблемалары дереу шешіледі, ал маңызды проблемаларға жылдам әрекет етіледі және қоңырау кезегіне басымдық беріледі.

ESET Premium Support Advanced

Орнату мен баптауды, жаңартуды, баптауларды уақытылы тексеру мен өнім проблемасын белсенді шешуді қоса өнімді өрбітудің барлық кезеңдерін қамтиды, ESET Premium Support Essential барлық артықшылықтардан, сонымен қатар арнайы маманның болуы, белсенді ақпараттандыру мен ESET әзірлеушілерінің сұрауларын басымдылығы бойынша қарастырудан тұрады.

Премиум қолдау көрсетудің деңгейлерін салыстыру

ЛИЦЕНЗИЯЛАРМЕН БІРГЕ ЖЕТКІЗІЛЕДІ

СТАНДАРТТЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ

ESET PREMIUM SUPPORT
ESSENTIAL

ESET PREMIUM SUPPORT
ADVANCED

Критикалық сұрақтарға әрекет ету уақыты Сыни сұрақтарыңызға 2 сағат ішінде жауап алыңыз. Онда шешім, проблеманы айналып өту немесе қосымша деректер сұранысы болады.

Қарапайым

2 сағат

30 минут

Орта деңгей сұрақтарына әрекет ету уақыты Орта деңгейдегі сұрақтарыңызға 4 сағат ішінде жауап алыңыз. Онда шешім, проблеманы айналып өту немесе қосымша деректер сұранысы болады.

Қарапайым

4 сағат

4 сағат

Жалпы сұрақтарға
әрекет ету уақыты Жалпы сұрақтарға 1 жұмыс күні ішінде жауап алыңыз. Онда шешім, проблеманы айналып өту немесе қосымша деректер сұранысы болады.

Қарапайым

1 жұымс күні

12 сағат 

Техникалық қолдаудың көрсету қызметінің қолжетімділігі Премиум қолдау қызметі 24/7/365 қолжетімді, бұл кез келген АТ-қауіпсіздік баптау мен өрбіту проблемаларын әрқашан кәсіби қолдауға қолжеткізуді қамтамасыз етеді.

365/24/7

365/24/7

365/24/7

Хабарласу саны Сіз техникалық қолдау көрсету қызметіне сұраулардың шексіз санын жібере аласыз және олар сұрақтың ауырлығына байланысты кепілдік берілген уақыт ішінде қарастырылады.

Шексіз

Шексіз

Шексіз

Шақыру кезіндегі басымдылық Егер сіз ESET-тің премиум қолдау қызметінің пайдаланушысы болсаңыз, сіздің қоңырауыңыз техникалық қолдау көрсетудің тұрақты қоңырауларына қарағанда басым болады.

Премиум класс
сұрауларының саны ESET-тің премиум қолдау қызметінің пайдаланушылары кез келген уақытта премиум класс сұрауларының кез келген санын жібере алады.

Шексіз

Шексіз

Арнайы маман Сіздің мекемеңізге қызмет көрсетуге жауап беретін арнайы ESET маманы мекемеңізге бекітіледі.

Әзірлеушәлердің сұрауларды бірінші кезекте қарастыруы

Белсенді хабарлау ESET операциялық жүйе жаңартуларына немесе басқа да техникалық өзгерістерге байланысты кез келген өнім сәйкессіздік проблемаларын анықтаса, сіз хабарлама алатын боласыз.

ESET шешімдерін өрбіту
және жаңғырту
 ESET шешімдерін орнату және баптауды тәжірибелі және сертификатталған мамандар жүзеге асырады, бұл ESET бизнес өнімдерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

1 рет

Қорғау жүйелерінің
күйін тексеру
 ESET өнімдерінің жұмысын жақсарту үшін өнімнің қаншалықты тиімді бапталғанын және бастапқы баптаулардың қаншалықты дұрыс реттелгені тексеріледі.

1 рет

Сіздің компанияңыздың қажеттіліктеріне сәйкес жеке ұсынысты дайындауымыз үшін байланыс деректеріңізді қалдырыңыз.

Шешімдерді өрбіту және баптау кезінде көмек

Healthcheck

ESET корпоративтік өнімдерінің тиімді жұмысын қамтамасыз етуге арналған қорғау жүйелерінің күйін тексеру.

  • ESET өнімдерінің баптауларының тиімділігін тексеру
  • Ықтимал жақсартуларға арналған ұсыныстарды беру
  • Шешімдерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету

Deployment&Upgrade

Жетекші ESET мамандарының шешімдерді өрбітуі және жаңғыртуы.

  • ESET өнімдерін өрбіту және тиімді баптау
  • Шешімдерге арналған барлық қажетті жаңартуларды орнату
  • Жұмыста ақаулардың пайда болу қатерін азайту

Жоғары салалық стандарттарға сәйкестік

ESET 2022 жылы салаға әсер еткен бірнеше жеткізушілердің бірі ретінде танылды ESET жетекші зерттеулерімен, қаржылық тұрақтылығымен және IDC нәтижелері бойынша техникалық кемелдігі үшін аталып өтті.

Толығырақ

ESET бірнеше тестілеу нәтижелері бойынша жоғары марапаттарға ие болды

Нәтижелерді көру

ESET APT шабуылдарынан қорғау шешімдері сегментінде «Үздік ойыншы» ретінде танылды ESET 2023 жылғы Radicati есебі нәтижелері бойынша төртінші жыл қатарынан «Үздік ойыншы» атанды.

Толығырақ

ESET шешімдері бүкіл әлемде пайдаланушылардың үнемі жоғары рейтингтерін алады

Пікірлерді қарау

MDR Leadership Compass 2023 рейтингі бойынша ESET нарық көшбасшылары және жалпы сандар арасында тұр

Толығырақ

Gartner Peer Insights сайтында жиналған
700-ден астам пікірлердің арқасында ESET мойындауға ие болды 2022 Gartner, Inc. Gartner® және Peer Insights™ — Gartner, Inc. компаниясының және/немесе оның еншілес компанияларының сауда белгілері болып табылады. Барлық құқықтар сақталған. Gartner Peer Insights жеке соңғы пайдаланушылардың жеке тәжірибелеріне негізделген пікірлерінен тұрады және фактілер туралы мәлімдеме ретінде түсіндірілмеуі керек және Gartner немесе оның филиалдарының көзқарастарын көрсетпейді. Gartner есептерде қамтылған ешбір сатушыны, өнімді немесе қызметті мақұлдамайды және мазмұнға немесе оның дәлдігіне немесе толықтығына қатысты, оның ішінде сатуға жарамдылығы немесе белгілі бір мақсатқа жарамдылығы туралы кез келген кепілдіктерді қоса алғанда, тікелей немесе жанама түрде ешқандай кепілдік бермейді.

ESET пайдаланушылары нені бағалайды

«Бізді ең қатты таң қалдырғаны – техникалық қолдау мен көмек көрсету деңгейі. Қуатты өнім және біз алған тамаша техникалық қолдау барлық Primoris жүйелерін қорғау үшін ESET шешімін орнатуға итермеледі».

Джошуа Коллинз,
Толық пікірді оқыңыз

«Маған бұл шешімнің алдыңғы шабуылдардан үйренетін және жүйеге бір бағыттан шабуыл жасаған сайын, жүйеге кірмес бұрын қауіпті анықтап, жоятын алдыңғы қатарлы машиналық және іс-әрекетті оқыту технологиялары арқылы жасалғаны ұнайды. Вирустардың, зиянды бағдарламалардың және әртүрлі онлайн қауіптердің барлық түрлері шешім арқылы анықталады, содан кейін менің жүйемнен тиімді түрде жойылады».

Сара, G2 шолу

«ESET Inspect зиянды әрекеттер мен қауіптерден файлсыз қорғауды қамтамасыз етеді және АТ топтарымызға кеңейтілген қауіптерді анықтауға көмектеседі. Мұның бәрі машиналық оқыту алгоритмдерінің және іс-әрекетті анықтаудың, сондай-ақ жұмыс станцияларында төмен деңгейлі жүйелік деректерді жинаудың арқасында мүмкін болады. Бұған қоса, ESET бағдарламалық құралында бастапқы және терең талдау, қауіпті анықтау және шабуыл көрсеткіштерін орнату үшін жеткілікті мүмкіндіктер бар».

Гери, Шолуды қарау

«ESET маңызды техникалық артықшылығымен нарықтағы басқа өнімдерден ерекшеленеді. Күшті қауіпсіздіктің арқасында біз компьютерлеріміздің 100% қорғалғанын біле отырып, кез келген уақытта жобалармен жұмыс істей аламыз.»

Фиона Гарленд ꟷ бизнес-аналитик (сынап инженериясы, құрылыс, материалдар және табиғи ресурстар)
Толық пікірді оқыңыз

«Мен ESET-ті өнімділігі, тамаша техникалық қолдауы және пайдаланушыға ыңғайлы басқаруы үшін сенімді түрде ұсына аламын.»

Марк Кайзер, IT маманы, Unigarant (қаржы және сақтандыру)
Толық пікірді оқыңыз

Қосымша ақпарат

Неге ESET?

ESET — мекемелерді қорғауда 30 жылдан астам тәжірибесі бар Еуропалық Одақтағы киберқауіпсіздік шешімдерінің ең ірі жеткізушісі.

Толығырақ

Бірегей зерттеулер

Қауіптер мен кибершабуылдар бойынша өзекті зерттеулер, сондай-ақ қорғау бойынша практикалық ұсыныстар.

Толығырақ

Қолдану мысалы

Raicam компаниясы мысалы аясында ESET MDR артықшылықтары туралы біліңіз.

Толығырақ

Тәуелсіз зерттеу

KuppingerCole талдаушылары ESET PROTECT MDR шешімін талдады.

Толығырақ

ESET шешімдерін 2017 жылдан бастап пайдаланады;
9000-нан астам жұмыс станциясы

ESET шешімдерін 2016 жылдан бастап пайдаланады;
4000-нан астам пошта жәшіктері

ESET өнімдерін 2016 жылдан бері пайдаланады;
32 мыңнан астам жұмыс станциясы

2008 жылдан бері ISP қауіпсіздік серіктесі;
базада шамамен 2 миллион тұтынушы бар

Қосымша шешімдер мен қызметтер арқылы
жан-жақты қорғауды қамтамасыз етіңіз

ESET PROTECT MDR

Тәуекелдерді басқару мүмкіндіктері және ESET жетекші сарапшыларының көмегі бар қуатты түпкілікті қауіпсіздік шешімі. Шешім мыналарды қамтиды:

  • Жұмыс станциялары мен файлдық серверлерді қорғау
  • Толық дискілік шифрлау
  • Бұлттағы кеңейтілген талдау
  • Жетілдірілген анықтау және жауап беру
  • Премиум қолдау және ESET қауіпсіздік қызметтері

 

Қауіпсіздік бойынша қызметтер

ESET шешімдерімен бірге инциденттерге әрекет етуге мүмкіндік беретін мықты қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз етеді.

  • Қауіптерді анықтау және бейтараптандыру
  • Инциденттерді талдау және тергеу
  • Инциденттерге әрекет етуде көмек
  • Күдікті іс-әрекетті зерттеу

  •