Техникалық қолдау қызметіне сұрау

ESET өнімдерін орнату, баптау және басқару, сондай-ақ басқа да техникалық сұрақтар бойынша support@adeon.international электрондық поштасына хат жазу немесе төмендегі пішінді толтыру арқылы тәулік бойы техникалық қолдау көрсету қызметіне әрқашан хабарласуға болады.

Техникалық қолдау көрсету қызметіне хабарласқанда, келесі сұрақтарға жауап беруге дайын болыңыз:

  • (Activation key) XXXX-XXXX-XXXX-XXXX-XXXX типті Белсендіру кілтін немесе  (Subscription code) XXX-XXX-XXX типті Жазылым кодын көрсету (ESET бағдарламасының “Анықтама және қолдау көрсету” - “Клиенттер үшін қолдау көрсетуге арналған ақпарат” немесе белсендіру деректері бар электрондық хатта қолжетімді);
  • Сіздің дербес компьютеріңізде қандай операциялық жүйе орнатылған?
  • Қандай антивирустық өнім және оның қандай нұсқасы орнатылған?
  • Интернетке қосыла аласыз ба?