Корпоративті ортаны киберқауіптерден қорғаңыз

Жасанды интеллект пен алдын алудың бағыты негізінде киберқауіпке деген тәсілдің арқасында белгілі және жаңа киберқауіптерден бір қадам алға болыңыз.

ESET Threat Intelligence озық зерттеулерімен жақсартылды

Үздіксіз көп деңгейлі қорғау

Киберқауіптерді талдаудың жаһандық жүйесінің арқасыгда өз деңгейіндегі үздік қорғау. Оны 30 жыл бойы зерттеу мен әзірлеу саласындағы жетекші мамандар үнемі жақсартып отырады.

Қауіптерді жан-жақты алдын алу 30 жыл бойы ESET ат қауіпсіздік шешімдерінің жетекші еуропалық жеткізушісі болды. Кеңейтілген анықтау және әрекет ету (XDR) функционалдығын қажет ететін пайдаланушылар үшін ESET шешімдерінде көптеген қажетті диагностикалық жүйелер бар. Сонымен қатар, ESET қызметтері ұйымдарға зиянды бағдарламалық жасақтамадан қорғау стратегияларын әзірлеуге және енгізуге көмектеседі.

Бопсалаушы бағдарламардан тиімді қорғау Бопсалаушы бағдарламаларынан қорғауға арналған ESET технологиясы бағдарламалар мен процестердің күдікті әрекеттерін бақылауға мүмкіндік беретін мінез-құлық қауіп-қатерін анықтауды қамтиды. Нақтырақ айтсақ, шешімдер файлдарды бопсалаушы бағдарламалары мен файлдарды шифрлауға тән тәсілдердмен өзгерту әрекеттерін анықтайды.. ESET корпоративті шешімдері бопсалаушы бағдарламаларының алдын алу және анықтау үшін бірнеше қорғаныс қабаттарын ұсынады.

«Нөлдік сенім» тәсілін қолдану ESET шешімдері белгісіз кодтар үшін "сенбеңіз, әрқашан тексеріңіз" әдісін қолданады. Сондықтан өнімдер бақыланатын және қорғалатын құрылғылар мен файлдарды анықтау үшін барлық ресурстар мен кіру нүктелеріне шолу жасайды. Сонымен қатар, өнімдерде құрылғыларды тиімді қорғауға арналған егжей-тегжейлі саясат бар. Саясаттың дұрыс қолданылуын және тез бейімделуін қамтамасыз ету үшін барлық процестер автоматтандырылған.

Жылдам шолу Ағымдағы ақпарат пен реттелетін хабарландырулар АТ мамандарына, туындауы мүмкін жаңа тәуекелдерге жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

Деректерді жүктеу және жетілдірілген қауіп туралы есептер

КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ОФИЦЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚОСЫМША ҚҰРАЛДАР

ESET жаһандық зерттеу орталықтарынан алынатын зиянды бағдарламалар мен шабуыл көздері туралы ақпараттар, күрделілігі жоғары шабуылдардан, ботнеттерден және басқа да шабуыл түрлерінен қорғауды жақсартуға мүмкіндік береді. Толығырақ

Анықтау мен әрекет ету бойынша шешімдер мен қызметтер

АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ӘРЕКЕТ ЕТУ

Максималды қорғаныс, киберқауіпсіздік тәуекелдерін кешенді басқару және қуатты ESET анықтау және әрекет ету құралдары арқылы АТ ортасын егжей-тегжейлі шолу. ESET анықтау және әрекет етуді басқару қызметтерінің, сондай-ақ ESET Inspect шешімі көмегімен кеңейтілген анықтау мен әрекет ету технологияларының арқылы білікті мамандардың тәжірибесі мен АТ қауіпсіздігі жетекші технологияларын пайдалану артықшылықтарын сезініңіз.

Қауіп-қатерлерден жетілдірілген қорғаныс, бұлттық қосымшаларды қорғау, аутентификация және шифрлау

ҚОСЫМША ҚОРҒАНЫС

Қосымша қауіпсіздік деңгейлеріне бұлттық қауіптерден, арнайы бағытталған шабуылдардан, сондай-ақ бопсалаушы бағдарламаларын қоса алғанда, қауіптердің жаңа түрлерінен қорғау, сондай-ақ құпия файлдарға қол жеткізуді қорғауды күшейту үшін бұлттық орталар үшін арнайы қорғаныс, көп факторлы аутентификация және шифрлау кіреді.