Жазылымды ұзарту

Жазылымдарды жүктеуге, орнатуға және басқаруға арналған бірыңғай платформа.


Бұлттық консоль арқылы лицензияларды басқару және ESET шешімдерін өрбіту.

Жазылымдарды жүктеуге, орнатуға және басқаруға арналған бірыңғай платформа.


Бұлттық консоль арқылы лицензияларды басқару және ESET шешімдерін өрбіту.
 

Өнімдерді жүктеу

Жазылымды басқа құрылғыға көшіру

Жазылымды ұзарту

Басқа сұрақтар бойынша көмек керек пе? Үй және бизнес туралы жиі қойылатын сұрақтарды қараңыз немесе қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз.

Өнім желісіндегі өзгерістер

ESET Internet Security, ESET Cyber Security, ESET Cyber Security Pro және ESET Smart Security Premium енді қорғаудың кешенді деңгейлерінің бөлігі болып табылады. Егер сізде осы өнімдердің кез келгеніне жазылым бар болса, жүктеу, ұзарту және т.б. мүмкіндіктердің түрлері туралы көбірек білу үшін сәйкес атауды басыңыз.

Үйге арналған өнімдер туралы ең танымал сұрақтар

Жазылымды ұзартуды қалай іске асыруға болады?

ESET өнімдеріне жазылымды ұзартуды сілтемені пайдаланып ресми Интернет-дүкен арқылы немесе белсендіру кілтін (XXXX-XXXX-XXXX-XXXX-XXXX түріндегі код) көрсете отырып sales@adeon.international мекенжайына хабарласу арқылы жүзеге асыруға болады.

Ұзарту үшін төлегеннен кейін жазылым мерзімі автоматты түрде жалғасады.

Жазылым автоматты түрде ұзартылмаса, sales@adeon.international мекенжайына хабарласу керек.

Сатып алғаннан кейін ESET өнімдерін қалай жүктеп алып, орнатуға болады?

ESET өнімдерін орнату үшін келесі қадамдарды орындау керек:

  1. Құрылғыда бұрын орнатылған басқа өндірушілердің антивирустық бағдарламалық жасақтамасын жою.
  2. Сілтеме бойынша бетте «ЖҰМЫСТЫ БАСТАУ» батырмасын басып, есеп жазбасын жасау немесе ESET HOME-дағы өз аккаунтыңызға кіру.
  3. «Құрылғыны қорғау» батырмасын басу арқылы ESET өнімін құрылғыларға орнату. Алдымен жазылымды қосу қажет болса, «Жазылымды қосу» батырмасын басу керек.
  4. Қажетті операциялық жүйені таңдап, орнату файлын жүктеу.
  5. Экрандағы нұсқауларды қолдана отырып орнату.

ESET жазылымын жаңа компьютер немесе құрылғыға қалай көшіруге болады?

  1. ESET өнімін ескі құрылғыдан жойыңыз. Егер ескі құрылғыңыз жұмыс істемесе, ESET HOME арқылы жазылымнан өшіріп тастаңыз.
  2. ESET өнімін жаңа компьютерге немесе мобильді құрылғыға жүктеп алыңыз және орнатыңыз. 

Жазылымды тасымалдау туралы қосымша ақпаратты сілтеме бойынша алуға болады. 

Менің ESET онімімде барлық жаңа функциялар қолжетміді ма, соны қалай білуге болады?

Жаңа функциялар ESET HOME Security Essential немесе ESET HOME Security Premium жазылымдарын және ESET Internet Security немесе ESET Smart Security Premium өнімінің 17 немесе одан жоғары нұсқасын қолданатын пайдаланушыларға қолжетімді.

Windows жүйесіне арналған ESET өнімін өзекті нұсқаға дейін қалай жаңартуға болады?

  1. Ағымдағы ESET өнімін жойыңыз.  
  2. Сілтеме бойынша ең соңғы ESET өнімін орнату файлын жүктеп алыңыз.  
  3. ESET Live Installer бағдарламасын ашу үшін файлға екі рет басыңыз. 
  4. ESET өнімін орнату және белсендіру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.  

Толық ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді. 

Өнімді жазылымды ұзартқаннан кейін қайта орнату қажет пе?

Жоқ, жазылымды жаңартқан болсаңыз, өнімді сол бұрынғы компьютерге қайта орнатудың қажеті жоқ. Үй өнімдерін ұзартқаннан кейін пайдаланушыларға қосымша әрекет жасаудың қажеті жоқ.

Кейбір пайдаланушыларда жарамдылық мерзімі жаңартылғанға дейін және бағдарламалық модуль жаңартуларын жүктеп алғанға дейін шамалы кідіріс пайда болуы мүмкін. Бұл уақыт кезінде вирустан қорғау белсенді болып қалады және компьютеріңіз қауіпсіздікте болады.

Неліктен мен жазылымды жаңа ғана ұзартсам да, бағдарламада әлі де ескі жазылымның жарамдылық мерзімі көрсетіліп тұр?

Пайдаланушылар жарамдылық мерзімі жаңартылғанға және бағдарлама жаңартулары жүктелгенге дейін қысқа кідіріске ұшырауы мүмкін. Осы уақыт ішінде вирустан қорғау белсенді болып қалады және компьютеріңіз қауіпсіздікте болады. Жазылымды жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін жаңартсаңыз, жаңа жарамдылық мерзімі бастапқы жарамдылық мерзімі өткенге дейін күшіне енбейді. Егер 24 сағаттан астам уақыт өтсе және жазылым әлі жаңартылмаған деп көрсетілсе, белсендіру кілтін пайдаланып өнімді қайта іске қосыңыз.

Белсендіру деректері бар хаты жоқ болса не істеуге болады?

Интернет-дүкенде төлем жасағаннан кейін сізге жазылым туралы ақпараты бар хат, сонымен қатар өнімді белсендіру кілті (XXXX-XXXX-XXXX-XXXX-XXXX түріндегі код) келеді. Электрондық хатты алмасаңыз, төмендегі ұсынылған әрекеттермен танысып шығыңыз: 

  • «Спам» және «Кіріс хаттардың» қосымша бумаларын тексеріңіз. 
  • Gmail пайдаланушылары: «Промоакциялар» бумасын тексеріп шығыңыз. 

Егер хат жоқ болса, sales@adeon.international мекенжайына хат жазып, техникалық қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз.

Мен бұрынғысынша ESET Internet Security, ESET Cyber Security немесе ESET Smart Security Premium бағдарламаларын қолданып, жаңарта аламын ба?

Қазіргі уақытта ESET Internet Security, ESET Cyber Security немесе ESET Smart Security Premium бағдарламасына белсенді жазылымыңыз болса, ол мерзімі біткенше қорғауды жалғастырады. Сіздің тарапыңыздан ешқандай қосымша әрекет қажет емес. Ұзарту уақыты келгенде, сізге ескі лицензияны сәйкес ESET HOME Security Essential немесе ESET HOME Security Premium жазылым деңгейіне ауыстыру мүмкіндігі беріледі. Бұл өнімнің жұмысы мен қорғау үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Назар аударыңыз! ESET HOME Security Essential немесе ESET HOME Security Premium жазылымын белсендіру үшін құрылғыны ESET HOME есеп жазбасына қосу керек. ESET HOME-ға қосылу туралы толығырақ ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді.

Бизнеске арналған өнімдер туралы ең танымал сұрақтар

Қажетті шешімді қалай жүктеуге болады?

Ұсынылатын — әдіс ESET PROTECT Cloud арқылы. Жұмыс станциялараны орталықтандырылған басқару уақытты үнемдейді және пайдалану тиімділігін арттырады. Қауіпсіздікті басқару консолі барлық кешенді шешімдерге енгізілген.

Сонымен қатар, шешімдерді сілтеме арқылы қолмен жүктеп алуға болады. 

Шешімді соңғы нұсқасына дейін жаңартуға бола ма?

Бұлттық консоль арқылы орнатылған барлық өнімдер автоматты түрде жаңартылады.

Қолмен орнатылған шешімдердің жаңартуы туралы толық ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді. 

Қолданыстағы лицензияға қосымша сатып алуды қалай жасауға болады?

Қажет болса, ESET өнімдерін пайдаланушылар қорғалған құрылғылардың санын көбейтіп, бар лицензияны кеңейте алады. Қосымша сатып алулар пайдаланылған лицензияның қолданылу мерзімінің қалған мерзіміне, бірақ кемінде 2 айға жүргізіледі. Нысандардың қосымша санының құны ESET өнімдерімен әлдеқашан қорғалған құрылғылар санын ескере отырып есептеледі.

Қосымша сатып алулар үшін sales@adeon.international электронды мекенжайына хабарласыңыз.

Корпоративті құрылғыларды қорғауды қалай басқаруға болады?

ESET PROTECT Cloud көмегімен өзіңіздің консоліңізге кіріп, құрылғыларды кез келген уақытта, кез келген жерде басқара аласыз. ESET PROTECT Cloud — бүкіл мекеменің қауіпсіздігін басқаруға арналған бірыңғай консоль. Бұлттық консоль келесі мүмкіндіктерді береді: 

  • Барлық жұмыс станциялары үшін нақты уақыт режимінде шолу 
  • Қауіпсіздік инциденттерін автоматтандырылған шешімі 
  • Жұмыс станцияларын, серверлерді және мобильді құрылғыларды басқару 
  • Толық дискілік шифрлау мен бұлттық құмсалғышты басқару 
  • Алдын ала анықталған саясат үлгілерін пайдаланып икемді есеп беру мен баптау

Пайдалы сілтемелер мен техникалық қызмет көрсету

Өнімдер бойынша нұсқаулық

Сіздің өнімнің
түрі мен нұсқасына сәйкес бейімделген нұсқаулар мен құжаттама.

Шешімді
таңдау

Бірнеше сұрақтарға жауап беріңіз де, бір минуттан аз уақыт ішінде өзіңіз үшін тамаша шешімді табыңыз!

Бизнеске арналған барлық шешімдер

Мекемеңіздің
қажеттіліктеріне сәйкес оңтайлы шешімді
таңдаңыз.

Техникалық қолдау

Барлық ESET пайдаланушылары тәулік бойы тегін техникалық қолдау көрсету мамандарымен байланыса алады.