ESET мамандары Android құрылғыларына арналған жасанды интеллектті пайдаланатын ең бірінші қауіпті анықтады

Келесі жаңалық

ESET компаниясы – ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы – шабуыл кезінде генеративті жасанды интеллектті (ЖИ) алған рет пайданған Android жүйесін көздейтін жаңаPromptSpy бағдарламасын анықтады. ESET мамандары бұл қауіптер тобын PromptSpy деп атады, себебі зиянкестер зиянды әрекеттерді жүзеге асыру үшін ЖИ-сұрауларды (негізінен, Google Gemini арқылы) құрастырады.

Бұл зиянды бағдарлама құлыптау экранындағы деректерді ұстап қалуы, оны жою әрекеттеріне кедергі келтіруі, құрылғы туралы ақпаратты жинауы, экран суреттерін түсіруі, экрандағы әрекеттерді бейнежазбаға жазуы және басқа да зиянды әрекеттерді орындауы мүмкін. Бұл – ESET зерттеушілері анықтаған, жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін екінші зиянды бағдарлама. Біріншісі 2025 жылдың тамыз айында анықталған PromptLock болды. Ол бағдарламалық бопсалаушының жасанды интеллектті пайдаланған алғашқы белгілі жағдайы ретінде тіркелді.

Генеративті ЖИ PromptSpy кодының (тұрақтылықты қамтамасыз етуге жауап беретін) салыстырмалы шағын бөлігінде ғана қолданылғанымен, зиянды бағдарламаның бейімделгіштігіне айтарлықтай әсер етеді. Атап айтқанда, Google Gemini PromptSpy-ға зиянды бағдарламаны жоюға немесе жүйенің оны мәжбүрлі түрде жабуына жол бермеу үшін оны соңғы пайдаланылған қолданбалар тізімінде бекітуге арналған қадамдық нұсқауларды беру үшін пайдаланылады.

«Android жүйесіне арналған зиянды бағдарлама көбіне пайдаланушы интерфейсіне негізделген навигацияны жиі пайдаланғандықтан, генеративті жасанды интеллекттің арқасында зиянкестер іс жүзінде кез-келген құрылғыға, макетке немесе операциялық жүйенің нұсқасына бейімделе алады, яғни ықтимал құрбандардың санын айтарлықтай арттырады», – деп атап өтті PromptSpy-ды анықтаған ESET зерттеушісі Лукаш Штефанко.

PromptSpy қаупі мамандандырылған сайт арқылы таралады және Google Play дүкенінде қолжетімсіз. Алайда App Defense Alliance серіктесі ретінде ESET өз зерттеу тұжырымдамаларымен Google компаниясымен бөлісті. Қазіргі уақытта Android пайдаланушылары Google Play Services орнатылған Android құрылғыларында әдепкі бойынша қосулы болатын Google Play Protect арқылы осы зиянды бағдарламаның белгілі нұсқаларынан автоматты түрде қорғалады.

PromptSpy жою процесін экранның үстіне көрінбейтін элементтерді орналастыру арқылы бұғаттайтын болғандықтан, оны жоюдың жалғыз жолы – сыртқы бағдарламалар өшірілген және оларды әдеттегідей түрде жоюға болатын құрылғыны қауіпсіз режимінде қайта іске қосу.

Құрылғыңызға осындай қауіптердің енуіне жол бермеу үшін күмәнді хабарламаларды мұқият тексеріңіз, қолданбаларды тек ресми көздерден жүктеңіз, бірегей әрі күрделі құпиясөздерді және құпиясөздер менеджерін пайдаланыңыз, екі факторлы аутентификацияны қосып, киберқауіпсіздікке арналған сенімді шешімді орнатыңыз.

PromptSpy зерттеуі туралы толығырақ сілтеме бойынша оқыңыз.