Құпия деректерді қорғау

ESET Full Disk Encryption

Бір консольден басқарылатын тиімді шифрлауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, шешім құпия ақпаратты қорғау талаптарына сәйкес Сіздің мекемеңіздің деректерін қорғайды.

  • Жүйелік дискілерді, жеке бөлімдерді немесе тұтас дискілерді шифрлау
  • ESET PROTECT консолі арқылы басқару
  • Бір рет басу арқылы өрістету, белсендіру және шифрлау

Шешім функциялары

Бірыңғай консольден басқару

ESET Full Disk Encryption-ді басқару ESET PROTECT консолі арқылы іске асырылады, ол уақытыңызды үнемдеуге көмектеседі.

Деректерді сенімді және тез қорғау

ESET PROTECT-пен жеңіл интеграцияланатын кез-келген өлшемді кәсіпорындарға арналған деректерді сенімді қорғау. Шешім жүйенің өнімділігіне минималды әсер ете отырып, жылдам және тиімді шифрлау және шифрды шешуді қамтамасыз ете отырып, AES 256 аппараттық жеделдетілген шифрлауды қамтамасыз ету үшін AES-NI кеңейтімін қолданады.

Мықты шифрлау

ESET Full Disk Encryption жүйесі құрылғы жоғалған немесе ұрланған жағдайда ноутбуктер мен компьютерлердегі деректерді қорғай отырып, жүйелік дискілерді, бөлімдерді және тұтас дискілерді шифрлайды.

Кросс-платформалық қолдау

Windows жұмыс станциясын шифрлауын және жергілікті macOS шифрлауын (FileVault) бір бақылау панелі арқылы басқаруға мүмкіндік береді.

Құрылғылар санын көбейту мүмкіндігі

Сіздің лицензияларыңыз таралатын құрылғыларды кез келген уақытта қосуға мүмкіндік береді.

Бір рет басу арқылы өрбіту

Бұлт консолін пайдаланып бүкіл желіңізде дисктің толық шифрлауын басқара аласыз. ESET PROTECT құралы әкімшілерге бір рет басу арқылы жұмыс станцияларында шифрлауды өрбітуге, белсендіруге және басқаруға мүмкіндік береді.

Құпия сөздерге қатысты саясаттар

Әкімші қажетті құпия сөз атрибуттарын, құпия сөзді қайталау әрекеттерінің санын және жарамдылық мерзімін орната алады. Саясаттың баптауында қажет болса пайдаланушыға құпия сөзді өзгертуге рұқсат беруге болады.

Жүйелік талаптар

Операциялық жүйелерді қолдау:

  • Microsoft Windows 7, 8, 8.1, 10
  • macOS 10.14 (Mojave) және одан жоғары

Талаптар

  • Орнатылған бұлт немесе жергілікті ESET PROTECT консолі