ESET компаниясы Wazuh платформасымен интеграция туралы хабарлайды

ESET компаниясы – ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы – ашық коды бар әйгілі Wazuh платформасымен интеграция туралы хабарлайды. Енді ESET PROTECT платформасымен қатар анықтау және әрекет ету үшін арналған ESET Inspect құралы, сондай-ақ ESET Cloud Office Security Wazuh-пен мінсіз интегрцияланып, ұйымдарға қауіпсіздік, телеметрия және оқиғалар хабарламаларын бір терезеге біріктіруге мүмкіндік береді.

Киберқауіпсіздік кешенді әрі қиын болып келеді, ал ұйымдарға корпоративті желілерді қорғауды қамтамасыз ету одан әрі қиын болып барады. Үйлесімділік өте маңызды болғандықтан, ESET API негізіндегі тәсілді қолданадаы. Нәтижесінде сенімді қауіпсіздікті қамтамасыз ету оңайырақ болды, өйткені бірнеше жеткізушілердің көптеген көздерінен алынатын деректердің үлкен көлемін байланыстыруды қажет ететін ұйымдар қауіпсіздіктің тиімді жұмыс үдерістерін жасай алады.

Біріктіру API негізінде жұмыс істейді, атап айтқанда, ESET REST API ұсынып, Wazuh-қа сұрау жіберуге және тиісті қауіпсіздік оқиғаларын, телеметрияны және оқиғаларды тікелей алуға мүмкіндік береді.

Бұл интеграция ұйымдар мен қауіпсіздік мамандарын қауіпсіздікті бақылау пен сәйкестік бойынша нәтижелі шешімдермен қамтамасыз етеді. Мысалы, қауіпсіздік талдаушылары немесе оқиғаларға әрекет ету мамандары Wazuh ақпараттық тақталарын пайдалана отырып, ESET жұмыс станцияларындағы анықтау оқиғаларын басқа журналдармен салыстыра алады, қауіптерді іздеп, оқиғаларға әрекет ету үшін кешенді жоспарлар әзірлей алады.

Сонымен қатар ІТәкімшілер Wazuh жүйесін барлық қауіпсіздік компоненттерінің, соның ішінде ESET ұсынған деректердің операциялық көрсеткіштерін бақылау, сәйкестікті тексеру және жиынтық есептерді жасау үшін пайдалана алады.  Осындай интеграцияның арқасында қауіпсіздік мамандары құралдар мен қолмен орындалатын әрекеттердің санын азайта отырып, көбірек жұмыс атқара алады.

«ESET болашақты бүгіннің өзінде қорғай алатын қауіпсіздік шешімдерін ұсынады. Бұл интеграцияның көмегімен біз қауіпсіздік мамандарының жүктемесін азайтып, көптеген үдерістерді жеңілдететін тиімді құралдар мүмкіндіктерін кеңейтуге тырысамыз. Wazuh платформасындағы ESET PROTECT, ESET Inspect және ESET Cloud Office Security деректерінің көмегімен ұйымдар бүкіл бизнес ортасының қажеттіліктерін бір тақтадан орындай алады»,― деп түсініктеме берді ESET жаһандық сату жетекшісі, Михаль Гайовский.