Safetica шешімдері портфолиосы жаңартылды: DLP және ішкі қауіптерді басқару үйлесімі

Келесі жаңалық

ESET технологиялық альянсының мүшесі Safetica компаниясы деректердің таралуының алдын алуға және ішкі қауіптерді басқаруға арналған шешімдер портфолиясының жаңартылғаны туралы хабарлайды. Атап айтқанда, енді пайдаланушыларға жергілікті нұсқадағы – Safetica Essentials пен Safetica Pro, сонымен қатар бұлттық нұсқадағы – Safetica Essentials Сloud пен Safetica Pro Сloud жаңа шешімдері қолжетімді. Өнімдер мекемелерге ішкі қауіптерді анықтай отырып, құпия ақпаратты сәйкестендіруге, топтастыруға және қорғауға көмектеседі.

Шешімдер ең күрделі тапсырмалардың бірін максималды түрде қарапайым ететін деректердің сәйкестендірілген топтастыруынан, сонымен қатар максималды түрде ыңғайлы басқару мен инциденттерді тергеуге арнлаған веб-интерфейстен тұрады.

Атап айтқанда, Safetica Essentials (бұрынғы Safetica ONE Discovery + UEBA) электрондық поштада, қосымшаларда, веб-сайттар мен сыртқы құрылғыларда пайдаланушылардың белсенділігін шолу және олардың әрекеттері мен тәуекелдері, сонымен қатар қауіпсіздік инциденттерін анықтау арқылы құпия ақпараттың негізгі қорғауын қамтамасыз етеді.

Safetica Pro (бұрын Safetica ONE Protection + UEBA және Safetica ONE Enterprise + UEBA) осы негізгі функцияларға қосымша ретінде символдарды оптикалық тану (OCR) технологиясының, қауіпсіздік инциденттерінің, электрондық поштаны қорғаудың ыңғайлы саясаты мен сыртқы құрылғылардың, бағдарламалар мен веб-сайттарды бақылаудың, сонымен қатар Microsoft 365 қорғауының көмегімен оның ішіндегілерге кеңейтілген тексеруді ұсынады.

Сондай-ақ, ұлғайту мүмкіндігі бар 20 компьютерге арналған негізгі лицензия бұдан былай қолжетімсіз болатынын ескертеміз. Ең аз дегенде 20 компьютер немесе одан да көп лицензияға тапсырыс қолжетімді.

Шешімдердің сынақ нұсқасын алу, пилотты өрбіту немесе қажет болған жағдайда кәсіпорыныңызды қорғауға арналған ең оңтайлы шешімді таңдау бойынша қосымша ұсыныстар алу үшін sales@esetofficial.kz мекенжайына немесе +7 778 003 29 26 телефонына хабарласыңыз.