Шағын бизнесті қорғауға арналған жаңа ESET шешімі

Келесі жаңалық

Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы – ESET компаниясы, шағын бизнестің цифрлық ортасын қорғауға арналған ESET Small Business Security шешімінің шыққаны туралы хабарлайды. Атап айтқанда, кешенді шешім онлайн төлемдерді қорғайды, фишингтік шабуылдарға қарсы тұрады, құрылғыларды жоғалған жағдайда бұғаттап, олардың орнын анықтайды, құпия сөздерді басқаруға және құпия деректерді шифрлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа шешімнің құрамына киберқауіптерден қорғау үшін анонимді шолуды қамтамасыз ететін қауіпсіз VPN кіреді.

ESET Small Business Security шешімі 5-тен 25 құрылғыға дейін, соның ішінде Windows пен Mac компьютерлерін, Android мобильді құрылғыларын және Windows Server серверлерін қорғау үшін қолжетімді.

Негізгі киберқауіпсіздік ережелерін елемегендіктен, ескірген бағдарламалық жасақтама нұсқаларын пайдалану және қорғауға арналған шешімдердің болмауына байланысты шағын бизнес киберқылмыскерлердің оңай нысанасына айналады. Ең жиі кездесетін қауіптердің кейбірі фишингтік шабуыл немесе есептік жазбаны бұзу, сондай-ақ құрылғыларды физикалық ұрлау немесе бұзу арқылы банктік және төлем ақпараты сияқты құпия деректерді ұрлауды қамтиды.

«Шағын және үй бизнесінің ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, ESET жаңа ESETSmallBusinessSecurity шешімін ұсынады. Біз шағын компанияларды қорғауды басқаруға оңай және негізгі қорғаудың өзекті қажеттіліктеріне сәйкес, сонымен қатар қауіпсіздік үшін қатерсіз бизнестің дамуына жұмылдыруға мүмкіндік беретін қарапайым әрі мықты шешімнің көмегімен  қамтамасыз етуге ұмтыламыз», — деді ESET үй пайдаланушылары және заттар Интернеті сегменті бойынша вице-президенті.

Жаңа шешімнің негізгі функциялары мен артықшылықтары қандай?

ESET Small Business Security ең аз жүйелік ресурстрады пайдаланатын және оңай басқарудан тұратын сенімді әрі тиімді қорғауды біріктіреді. Шешім төмендегі маңызды артықшылықтар мен құрамдастардан тұрады:

  • қорғауды орталықтандырылған басқаруға арналған платформа;
  • Windows пен  Mac ноутбуктері мен компьютерлерін жан-жақты қорғау;
  • Android мобильді құрылғылары мен смарт теледидарларының қауіпсіздігі;
  • Windows Server серверлерін қорғау;
  • құпия сөздерді басқару;
  • құрылғыны жоғалудан қорғауға арналған Ұрлаудан қорғау модулі;
  • қорғалған, шифрланған тоннел арқылы Интернетке қосылуға мүмкіндік беретін сенімді VPN;
  • онлайн-банкинг пен браузерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік;
  • шифрлау арқылы ақпаратты қорғау;
  • бопсалаушы бағдарламалар, фишинг пен ботнеттер сияқты киберқауіптердің әр түрінен қорғау;
  • роутер қауіпсіздігі және қосылған құрылғылар туралы ақпаратты ұсынатын Желі инспекторы.

Қорғау шешімі құрылғылардың қауіпсіздігінің күйі туралы ақпаратқа қолжетімділікті ұсынады, белгілі бір функцияларды (құпия сөздерді басқару, VPN және Ұрлаудан қорғау модулі) қосуға, сонымен қатар жазылымдарды жаңартып, ұзартуға мүмкіндік беретін ESET HOME платформасы арқылы оңай басқаруға болатыны туралы айта кеткен жөн. ESET HOME қауіпсіздікті кез келген құрылғыдан басқаруға мүмкіндік беретін веб-портал мен мобильді қосымша арқылы қолжетімді.

Шағын бизнесті қорғау туралы толығырақ сілтеме бойынша оқыңыз.

Жаңа жазылымды сатып алу немесе сынақ нұсқасын алуды ESET ресми сатйтынан немесе sales@esetofficial.kz электронды мекенжайына сұрау жіберу немесе+7 778 003 29 26 телефонына қоңырау шалу арқылы жүзеге асыруға болады.