Файл серверлерін қорғау

ESET Server Security

Компанияңыздың деректерін барлық ортақ серверлерде, файл қоймаларында, сондай ақ OneDrive және көп мақсатты серверлерде кеңейтілген қорғаныспен келесі функциялар арқылы қамтамасыз етеді:

  • Бопсалаушы бағдарламалардан қорғау
  • «0 күндік» қауіптерден қорғау
  • Деректердің ағып кетуінің алдын алу
  • Ботнеттерден қорғау

Шешім функциялары

Машиналық оқыту

Қазіргі уақытта 1997 жылдан бастап жұмыс станцияларын қорғауға арналған барлық ESET өнімдері қорғаудың басқа да деңгейлерімен қоса машиналық оқытуды пайдаланады. Атап айтқанда, машиналық оқыту бастапқы шоғырландырылған және нейрондық желілер түрінде қолданылады.

Қауіптің алдын алу жүйесі (HIPS)

Жүйе белсенділігінің бақылауын іске асырады және жүйелердегі күдікті іс-әрекетті анықтап, оны тоқтатуға арналған алдын ала анықталған ережелер жиынтығын пайдаланады.

Бопсалаушы бағдарламалардан қорғау

Пайдаланушыларды бопсалаушы бағдарламалардан қорғаудың қосымша деңгейі олардың іс-әрекеті мен беделіне негізделген барлық орындалған бағдарламаларды бақылайды және бағалайды.

Кеңейтілген жад сканері

ESET бірегей технологиясы киберқылмыскерлердің шатастыру және шифрлауды қолдану проблемасын тиімді шешеді. Жадта белсенділік көрсеткен сәтте, оның кеңейтілген сканері қауіпті процестің іс-әрекетін қадағалап, оны сканерлейді.

Желілік шабуылдардан қорғау

Желілік деңгейде белгілі осалдықтарды анықтауды жақсартады. Желілік шабуылдардан қорғау зиянды бағдарламалардың таралуынан, желілік шабуылдардан және түзетулер әлі шығарылмаған немесе қолданылмаған осалдықтарды пайдаланудан қорғаудың тағы бір маңызды деңгейі болып табылады.

Linux серверлерін қорғау

ESET Unix жүйелеріне негізделген ең танымал дистрибутивтерге, соның ішінде File-System-Hierarchy Standard стандартына сәйкес келетін «дайын» RedHat және SuSE шешімдеріне арналған инсталляторларды ұсынады. Сонымен қатар, LIBC-тен басқа сыртқы кітапханаларға қажеттілік жоқ.

Ботнеттерден қорғау

Ботнеттер пайдаланатын зиянды қосылымдарды және сонымен бірге зиянды процестерді анықтайды. Кез келген анықталған зиянды қосылым бұғатталып, ол туралы ақпарат пайдаланушыға хабарланады.

Office 365 OneDrive Storage

Серверде тіркелгеннен кейін ESET өнімі кәсіпорын деректерін сақтаудың сенімді көзін шолу мен бақылауды қамтамасыз ету үшін OneDrive-ты сканерлей алады.

Қауіптерді қосымша кеңейтілген талудау

ESET Dynamic Threat Defence жаңа, бұрын белгісіз қауіп түрлерін анықтау үшін бұлтқа негізделген құмсалғыш технологиясын қолдана отырып, ESET Server Security шешіміне арналған қауіпсіздіктің тағы бір деңгейін ұсынады.

AMSI/Қорғалған қызметті қолдау

ESET өнімдері пайдаланушыларды, деректер мен бағдарламаларды кеңейтілген зиянды бағдарламадан қорғауды қамтамасыз ету үшін антивирустық сканерлеу интерфейсін (AMSI) пайдаланады. Windows жүйесіне енгізілген жаңа модуль болып табылатын қауіпсіз қызмет интерфейсін пайдалану сенімді, қол қойылған кодты жүктеуге және кодты енгізу шабуылдарынан жақсырақ қорғауға мүмкіндік береді.

Эксплойттардан қорғау

Технология әдетте қосымшадарды (браузерлер, құжат бағдарламалары, электрондық пошта клиенттері, Flash, Java және т.б.) тексереді және арнайы CVE идентификаторларын бағыттаудың орнына ол осалдықтарды қолдану әдістеріне назар аударады. Анықталған жағдайда, қатерді жұмыс станциясында дереу бұғаттауға болады.

Орнатылған бұлт құмсалғышы

Жасырынған зиянды бағдарламаның нақты әрекетін анықтауға көмектеседі.

XDR қолдауы

Microsoft SharePoint үшін ESET Security шешімі ESET Inspect бағдарламасын қолдайды, бұл ESET PROTECT платформасының құрамдас бөлігі, бұзудың алдын алу, жақсартылған желі шолуы және ақауларды жою үшін жетілдірілген анықтау және әрекет ету мүмкіндіктері бар.

Жүйелік талаптар

Windows операциялық жүйелерін қолдау

  • Microsoft Windows Server 2022, 2019, 2016, 2012, 2008 R2 SP1
  • Microsoft Windows Server Core 2012, 2008R2
  • Microsoft Small Business Server 2011

Кіретін шешім

  • ESET Server Security для Microsoft Windows Server
  • ESET Server Security для Linux
  • ESET Server Security для Microsoft Azure

ESET PROTECT консолімен үйлесімді.

Linux үжүйесіне арналған ESET Server Security жүйелік талаптары

RedHat Enterprise Linux (RHEL), CentOS, Ubuntu Server, Debian, SUSE Linux Enterprise Server, Amazon Linux және Oracle Linux сияқты негізгі дистрибутивтерді қолдайды.