Көп факторлы аутентификация

ESET Secure Authentication

Корпоративтік жүйелерге және құпия ақпаратқа қол жеткізу кезінде қуатты көп факторлы пайдаланушы аутентификациясын қамтамасыз етуге арналған қуатты және оңай конфигурацияланатын шешім. Ұйымға келесі мүмкіндіктерді береді:
 

  • Деректердің жоғалуының алдын алу
  • Нормаларға сәйкестікті қамтамасыз ету
  • Смартфондарды немесе физикалық токендерді пайдалану
  • Ыңғайлы бұлттық өрбітуді пайдалану ЖАҢА

Шешім функциялары

Push-аутентификация

Бір реттік құпия сөзді енгізудің қажетінсіз беі рет басу арқылы аутентификация жасауға мүмкіндік береді. iOS пен Android мобильді құрылғыларында жұмыс істейді.

Бұлттық қосымшаларды қорғау

Көп факторлы аутентификация Google Apps, Dropbox және басқа да қызметтерге қолжетімділікті қорғауды жақсартуға мүмкіндік береді. ESET шешімі SAML-2 аутентификация протоколының көмегімен біріктіруді қолдайды.

10 минутта баптау

Бірденнен көптеген пайдаланушыларға ESET Secure Authentication орнату мүмкіндігіне байланысты шешімді орнату пайдаланушылар санына қарамай қарапайым түрде және жылдам іске асады. Сондықтан тіпті шағын мекемелер АТ маманысыз ақ шешімді жылдам өрбітіп, баптай алады.

Аутентификацияның көптеген тәсілдері

Қызметкерлер үшін арнайы токендер мен құрылғылардың қажеті жоқ. ESET Secure Authentication шешімі смартфондарға қолдау көрсетеді, қосымша қауіпсіздік үшін жеке PIN коды бар және қауіпсіздікті арттыру және пайдаланушылардың тәжірибесін жақсарту үшін құрылғының биометрикалық деректерімен (Touch ID, Face ID, Android жүйесіндегі саусақ ізін тану) біріге алады. Шешім қажет болса, физикалық токендерді немесе FIDO кілттерін де қолдайды.

Қосымша жабдық қажет емес

ESET Secure Authentication бағдарламасының ресурстарға қоятын талабы минималды - егер бұлттық нұсқаны пайдалансаңыз, арнайы сервер қажет емес. Шешім жергілікті өрбітуді де қолдайды.

Бірнеше тұтынушыны басқару мүмкіндігі

ESET Secure Authentication бұлттық нұсқасы MSP үшін бірнеше тұтынушыны басқару мүмкіндігімен жасалған. Ол бірнеше компанияларды немесе сайттарды басқаруға мүмкіндік беру үшін, сонымен қатар пайдаланушылардың жеке тобының нақты баптауын анықтау икемдігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Қарапайым біріктіру

Шешім біріктірудің екі режимін ұсынады - Windows доменін пайдаланатын мекемелерге арналған Active Directory көмегімен, сонымен қатар, ол домені жоқтар үшін біріктірудің автонромды режимі қолжетімді. Екі жағдайда да баптау жылдам әрі оңай жасалады, сонымен қатар ол бұлттық консоль арқылы қолжетімді.

VDI мен VPN-ді қолдау

Шешім VMware Horizon View, Citrix XenApp, Barracuda, Cisco ASA, Citrix Access Gateway, Citrix NetScaler, Check Point Software, Cyberoam, F5 FirePass, Fortinet, FortiGate, Juniper, Palo Alto, SonicWall жүйелерін қолдайды. Сонымен қатар, RADIUS негізіндегі кез келген VPN-мен арнайы біріктіруді қолдау қолжетімді.

SDK және API қолжетімділігі

SDK және API көмегімен арнайы плагиндерді пайдалануды қажет етпей-ақ белгілі бір компанияның қажеттіліктеріне сәйкес функционалды кеңейтуге болады.

Шешім қалай жұмыс істейді

Бір реттік құпия сөзді қайта енгізу қажетінсіз бір рет басу арқылы аутентификацияны жасаңыз.

Жүйелік талаптар