Осалдықтар мен түзетулерді басқару

ESET Vulnerability & Patch Management

Бұрынғы операциялық жүйелер мен қосымшалардағы қатерлердің алдын алуды қалайтын мекемелердің қауіпсіздігіне арналған қосымша деңгейді келесінің көмегімен қамтамасыз етеді:

  • Автоматты сканерлеу
  • Маңыздылық негізінде басымдық
  • Фильтрлеу параметрлері
  • Осалдықтар үшін ерекшеліктер
  • Зардап шеккен құрылғылардың тізімі
  • Автоматты және қолмен түзету
  • Бапталатын түзету саясаттары
  • Қолжетімді түзетулер тізімі
  • Орталықтандырылған басқару

Шешім функциялары

Автоматтандырылған сканерлеу

Шұғыл есептері бар автоматтандырылған сканерлеу мен ESET PROTECT Cloud консолінен орталықтан басқару. Мыңдаған қосымшаларды сканерлейді және 35 000-нан астам белгілі осалдықтар мен қатерлерді анықтайды.

 

Маңыздылық негізіндегі басымдылық

Маңыздылығына байланысты осалдықтардың басымдылықтарын жайғастыру. Фильтрация опциясының ауқымды спектрі қауіпсіздіктің өте қиын проблемаларын жылдам анықтап, соларға назар аударуға мүмкіндік береді.

Есептер мен деректер қоры

Ең осал бағдарламалық қамтама мен құрылғыны анықтауға көмектеседі, зиян шеккен құрылғылардың саны туралы ақпаратты, сонымен қатар түзетулердің атын, білім қорының нөмірлерін, CVE, түзетулердің маңыздылығы мен сәйкес қосымшаларды қоса түзетулердің тізімін ұсынады.

Автоматтық және қолмен басқару

Автоматтық немесе қолмен басқаруды баптау мүмкіндігі. Түзетулерді түгендеу қауіпсіздіктің өзекті түзетулерін пайдаланатын жұмыс станцияларын уақытылы жаңартуды қамтамасыз етеді.

Желіні толық шолу

ESET PROTECT Cloud консолі жұмыс станцияларды толық шолуды, сонымен қатар әрқашан лицензиялар, осалдықтар күйлері мен түзетулер туралы өзекті ақпаратты қамтамасыз етеді.

Ыңғайлы басқару

ESET платформасы қатерлермен инфекциялану қауіпін азайту үшін АТ қауіпсіздікті басқару бойынша тапсырмалардың күрделілігін төмендетуге және алдын алудың, анықтау мен әрекет ету мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Икемділік

Қызмет көрсету кезеңдерін баптауға және нақты қажеттіліктерге сәйкес түзетулерді орнатуды басқаруға мүмкіндік береді. Таңдалған қосымшаларды ғана түзету немесе келісушілікті және түзетулерді басқару процессін бақылауды сақтай отырып, белгілі бір бағдарламаларды шығару, әртірлі топтарға арналған артықшылықтарды орнтау.

Жылдам әрекет ету

Жоспарланған келесі түзетулер кезеңін күтуге мүмкіндік жоқ кезде, түзетулерді қолмен орнату критикалық осалдықтарды лезде жоюға мұмкіндік береді. АТ мамандары қауіпсіздікті бұзу қатерін немесе басқа да қатерлі оқиғаларды азайта отырып төтенше жағдайларға жылдам әрекет ете алады.

Жүйелік талаптар

Операциялық жүйелерді қолдау

  • Microsoft Windows 11, 10

ESET PROTECT Cloud консолін келесі веб-браузерлерде жүктеуге болады:

  • Mozilla Firefox
  • Microsoft Edge
  • Google Chrome
  • Safari
  • Opera

Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді.