Операциялық жүйе мен қосымшалардың автоматты жаңартуын қосыңыз

Қателерді түзетуге және жаңа функцияларға қоса, жаңартуларда қауіпсіздік проблемаларын жиі түзетіледі. Автоматты жаңартуларды міндетті түрде қосыңыз немесе тек операциялық жүйені ғана емес, сонымен қатар барлық орнатылған қосымшаларды үнемі жаңартып отырыңыз. Түзетілмеген қауіпсіздік осалдығы деректерді ұрлауға әкелуі мүмкін.

Ескі модельдер соңғы операциялық жүйені немесе қосымшаларды қолдамауы мүмкін. Баптаулар мәзірінде әрбір орнатылған қосымшаның рұқсаттарын тексеруге болады және қосымшаға шынымен, контактілерге, кескіндерге немесе тұрғылықты орнына қолжетімділік сияқты нақты рұқсат қажет екенін шешуге болады.

Сонымен қатар, бұдан былай қолданбайтын кез келген қосымшаларды әрдайым өшіріп тұру қажет.

Құрылғыларды бұзуға арналған Jailbreak-ті қолданудан алшақ болыңыз

Бұзылған гаджетте бағдарлама тек өз деректерін оқып қана қоймай, сонымен қатар басқа қосымшалардың деректеріне қол жеткізе алады - бұл жеке ақпараттың ұрлануына әкелуі мүмкін.

Jailbreak – Apple операциялық жүйесіндегі өзгерістер. Ол бір жағынан суперпайдаланушы құқығын береді, ал бекінші жағынан – құрылғыны зиянкестердің шабуылдарына осал етеді. Сонымен қатар ол App Store-да қолжетімсіз бағдарламаны орнатуға мүмкіндік береді, соның өзі де IOS үшін қауіп төндіреді.

Apple Jailbreak-ті соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімін бұзу деп санайды. Егер сіз гаджетті өзіңіз сатып алмасаңыз немесе оны ресми сатушыдан сатып алмасаңыз, құрылғы бұзылған ба жоқ па екенін тексеру керек.

Рұқсат кодын және Face ID, сонгымен қатар экранды автобұғаттауды орнатыңыз

Ескі модельдерде құпия сөз, Face ID немесе Touch ID түріндегі сенімді кілт арқылы смартфонға немесе планшетке кіруді қорғаңыз.

Құпия сөзді баптау кезінде, қарапайым сандар жиынын, мысалы, туған күндер немесе болжауға оңай басқа жеке комбинацияларды пайдаланбаңыз. Құпия сөзде кемінде 6 сан болуы керек екенін есте ұстаған жөн, бірақ сіз одан да көп жасай аласыз және сандардан басқа әріптер мен символдарды пайдалана аласыз.

Сондай-ақ белгілі бір әрекетсіздік кезеңінен кейін экранды бұғаттау үшін бір немесе екі минут өткененнен кейін қысқа автоматты бұғаттау уақытын орнатыңыз. Бұл құрылғы жоғалған, ұрланған немесе тіпті қысқа уақыт ішінде қараусыз қалған жағдайда деректерді қорғауға көмектеседі.

Өз Apple ID қорғаңыз және деректердің резервтік көшірмесін жасаңыз

Apple ID – әртүрлі Apple қызметтеріне қол жеткізу үшін пайдаланылатын есеп жазбаі. Қорғау үшін құпия сөз пайдаланылады, ол күрделі және бірегей болуы керек. Есеп жазбаны сенімді қорғау үшін Apple компаниясының кіріктірілген көп факторлы аутентификациясын қосуға болады.

Apple ID есеп жазбаларын енгізуді талап ететін электрондық қаттар немесе веб-сайттарды ашу кезіндеерекше сақ болған жөн.

Егер сіз iCloud-ты деректерді резервтік көшіру үшін пайдалансаңыз, ол Apple ID арқылы да қолжетімді. Деректер немесе құрылғы қандай да бір жағдайға ұшырағанда, резервтік көшіру көмектеседі. Егер бұлттық резервтік көшіру сәйкес келмесе, резервтік көшірмені Mac немесе Windows комьютері және iTunes қосымшасы арқылы жасауға болады.

Деректерді жою функциясын баптаңыз

Қолжетімділік кодын және Face ID баптау кезінде, құрылғыда қате бұғаттан шығару комбинациясын қайта-қайта енгізсеңіз, «Деректерді өшіру» функциясын қосуға болады.

Бірақ ерекше жағдайлар туралы ойланған абзал, мысалы, құрылғыны балалар жиі ойнайтын болса, олар кездейсоқ барлық деректерді жойып тастауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сіз iCloud-та резервтік көшірмелерді автоматты түрде жасауды қосуыңыз немесе iTunes арқылы жүйелі түрде өзіңіз жасауыңыз керек. Осылайша, резервтік көшірмені пайдаланып деректеріңізді әрқашан қалпына келтіре аласыз.

«iPhone-ды табу» функциясын қосыңыз

Бұл функция смартфон жоғалған немесе ұрланған жағдайда, оны оңай табуға, сонымен қатар ондағы барлық ақпаратты қашықтан жоюға мүмкіндік береді.

Қашықтан өшіруден басқа, іздеуге арналған дыбыстарды ойнатуға, оның картадағы орнын қадағалауға және бұғатталған экранда хабарламаларды көрсетуге болады.

Барлық осы мүмкіндіктер «Локатор» қосымшасында немесе icloud.com/find сайтында қолжетімді.

Интернетте жұмыс кезінде қорғауйды баптаңыз

Safari қолсымшасын негізгі Интернет-браузер ретінде пайдалансаңыз, оның баптауларында сайттың жалғандығы туралы ескерту қосулы тұр ма соны тексеріңіз. Осылайша, алаяқтық сайтқа кірген кезде ескерту терезесі ашылады.

Safari жалпы баптауларында деректерді автотолтыру функциясы қосылса, барлық веб-пішіндер иесінің байланыс деректері немесе төлем картасының ақпараты арқылы автоматты түрде толтырылады. Дегенмен, бұл функцияның ыңғайлылығына қарамастан, ол деректерді шабуылдаушыларға ашып бере алады. Сондықтан несие картасының деректерін толтыруды толығымен өшіру немесе кем дегенде шектеу қою ұсынылады.

Safari-да кіріп-шығылған беттердің сақталуын, іздеу тарихын немесе автотолтыру ақпаратын бет жабылған соң өшіру үшін жеке қолжетімділік режимін пайдаланыңыз. Оны браузерде тікелей қосуға болады. Мұны істеу үшін браузерді ашып, экранның төменгі оң жақ бұрышындағы батырманы басу керек, содан кейін экранның төменгі жағындағы ортасындағы бағдардың көмегімен қалқымалы терезені ашып, «Жеке қолжетімділік» дегенді таңдаңыз.

Кез келген құрылғыны пайдаланған іспеттес, сенімді VPN-ді пайдалану да құпия деректерді қорғаудың қосымша деңгейін қамтамасыз етеді.

iPhone немесе iPad-қа қосылу үшін рұқсатты баптаңыз

Құрылғы жақын маңдағы басқа гаджеттерге әртүрлі жолдармен қосыла алады. Мысалы, жақын маңдағы Apple гаджеттеріне фотосуреттерді, құжаттарды және басқа да деректерді AirDrop арқылы жіберуге болады. Деректерді тасымалдау екі жақта да жұмыс істейтіндіктен, пайдаланып болғаннан кейін AirDrop-ты өшіріп тастау керек. Бұл Bluetooth және «Модем режимі» функциясына да қатысты, ол да пайдаланылып болған соң өшірілуі керек.

Сонымен қатар, Wi-Fi баптауларында белгісіз Wi-Fi желілеріне қосылу сұрауын қосу керек. Бұл қажетсіз қосылымдардың санын азайтады, сонымен қатар қажетсіз мазмұннан немесе басқа ықтимал зиянды нысандардан қорғайды.

Сондай-ақ, құрылғыңыздың атауында ешқандай жеке ақпаратты пайдаланбаңыз, мысалы, Иван Петренконың iPhone-ы.