ESETкомпаниясы - ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы – 2025 жылы беделді SC Awards сыйлығының финалисі болып танылды. ESET өңдеген бопсалаушы бағдарламалардың салдарынан қалпына келтіру «Бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету, апаттан кейін қалпына келтіру және бопсалаушы бағдарламалар салдарын жоюға арналған ең жақсы шешім» номинациясы бойынша танылып, марапат ESET-тің киберқауіпсіздік саласында кемелдік пен көшбасшылыққа ұмтылысын көрсетеді. SC Awards премиясы ақпараттық жүйе қауіпсіздігі саласында үздік жетістіктерге жеткен шешімдерге, компаниялар мен жеке тұлғаларға 28 жыл бойы тағайындалып келеді.
«SC Awards әлем бойынша киберқауіпсіздік қауымдастығында мойындалған, сондықтан оның бір номинациясы бойынша финалисі болу біз үшін зор құрмет, - дейді ESET Солтүстік Америка бойынша маркетинг және сату бойынша вице-президенті, Райан Грант. –ESET бопсалаушы бағдарламаларға қарсы күрес бойынша инновациялармен бұрыннан айналысып келеді және олардың салдарынан кейінгі қайта қалпына келтіру функциясы шифрлау мен деректерді ұрлаудан кешенді қорғау үшін жүзеге асырылған. Бұл мойындау біздің ESET PROTECT платформасына тұрақты инвестицияларымызды және компанияларға бопсалаушы бағдарламаларға қарсы күресуде артықшылық беруге ұмтылысымызды дәлеледейді».

Windows көлеңкелі көшіру қызметіне қарағанда, ESET бопсалаушы бағдарламалар салдарынан кейінгі қалпына келтіру алғыр шабуылдарды ерте сатысында қадағалайтын және бұғаттайтын бопсалаушы бағдарламалардан қорғау функциясымен біріктірілген түрде жұмыс істейді. Бопсалаушы бағдарламалардың шабуылы кезінде тұрақты резервті көшірудің ең көп кездесетін жетіспеушілігін жойып, атап айтқанда деректерді оқшаулау немесе сегменттеудің болмауы, бұл функция жекеленген ортада сенімсіз қосымшалар мен үдерістерге қолжетімсіз етіп, маңызды деректердің уақытша шифрланған резервті көшірмесін жасайды.
«Генеративті жасанды интеллектті немесе сырттан қол жеткізу мен есептік деректерді қолданатын шабуылдардың өсуіне байланысты, киберқауіпсіздік салалары ұйымдарға күрделі қауіптер жағдайында бейімделіп және дамуына ықпал ететін инновацияларға мән беру керек, - деп айтады SC Media аға редакциялық директоры, Том Спринг. – SC Media финалисі болу техникалық инновацияны мойындау ғана емес, сондай-ақ сандық әлемді қауіпсіз етудегі ортақ ұстанымды білдіреді».
SC Awards 2025-ке қатысуға берілген өтінімдер денсаулық сақтау, қаржылық қызметтер, білім беру және технологиялар сияқты секторлардағы киберқауіпсіздік мамандарынан, сала көшбасшыларынан және CyberRisk Alliance қауымдастығының мүшелерінен тұратын беделді қазылар алқасымен 33 мамандандырылған санат бойынша бағаланды.