ESET компаниясы – ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы – ең басты мақсаты анықтауға, тергеуге және күрделі қауіптерге ден қоюға арналған өнімдердің жетекші жеткізушілерін бағалау болып табылатын KuppingerCole Analysts компаниясының 2026 жылғы Leadership Compass жыл сайынғы зерттеуінің деректері бойынша MDR шешімдері нарығының көшбасшысы ретінде танылды.
Leadership Compass есебінде ESET шешімдерінің жаһандық қолжетімділігі, ESET PROTECT MDR шешімінің едәуір кеңейтілген мүмкіндіктері, заманауилығы мен кешенділігі, сондай-ақ қауіптерге жылдам автоматтандырылған ден қоюы, олар туралы ақпаратты сапалы жинауы мен талдауы және көптілді қолдауы ерекше жоғары бағаланады. KuppingerCole сарапшылары компанияның MDR шешімін әзірлеу барысында пайдаланудың қолайлылығы мен автоматтандыруға басымдық бергенін атап өтеді.
«Бүгінде компанияларға жаңа қауіптерді үздіксіз бақылауға және оларға уақтылы ден қоюға арналған шешімдер қажет, — деді ESET компаниясының корпоративтік клиенттер, SMB және MSP сегменттері жөніндегі вице-президенті Михал Янкеч. — KuppingerCole компаниясының бізді MDR саласындағы «Нарық көшбасшысы» ретінде танығанын мақтан тұтамыз. Бұл мәртебе ұйымдардың кибертұрақтылығын арттыруға, қауіптерді жылдам анықтауға және оларға тиімді ден қоюға көмектесетін озық технологиялар мен сарапшылардың тәжірибесін біріктіретін қолжетімді әрі жоғары сапалы MDR қызметтерін ұсынуға деген ұмтылысымызды айқын көрсетеді».
Leadership Compass есебінде жеткізушілердің шешімдері өнімдердің функционалдық мүмкіндіктері, инновациялылығы және нарықтағы орны сияқты бірқатар критерийлер бойынша талданып, бағаланады. KuppingerCole сарапшылары басқарылатын немесе бірлесіп басқарылатын қауіпсіздік операциялық модельдері арқылы пайдаланушыларға қолдау көрсету мүмкіндігін сақтай отырып, анықтау мен ден қоюдың орташа уақытын қысқарту сияқты киберқауіпсіздік саласындағы өлшенетін нәтижелерге қол жеткізудің маңыздылығын атап өтеді.
Жұмыс станцияларына, бұлтты орталарға, құпия деректерге және қолданбаларға бағытталған киберқауіптердің көбеюіне байланысты ұйымдар толық көріну деңгейін және үйлестірілген қорғаныс механизмін қамтамасыз ету үшін MDR қызметтерін жеткізушілерге жиірек жүгінуде. Есепте XDR, SIEM, SOAR және құпия деректерге қатысты қауіптерді анықтау сияқты мүмкіндіктерді қамтитын MDR шешімдерінің дамуы сипатталған. Бұл ұйымдарға қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша неғұрлым тиімді әрі проактивті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Автоматтандыруға, жасанды интеллект негізіндегі талдауға және қауіптер туралы ақпаратқа тұрақты түрде инвестиция салудың арқасында ESET компаниясы MDR саласындағы мүмкіндіктерін одан әрі жетілдіруде және бүкіл әлемдегі пайдаланушылар үшін қауіптерді анықтау жылдамдығын, оларға ден қою тиімділігін және жалпы қауіпсіздік деңгейін едәуір арттыруды қамтамасыз етуде.
ESET PROTECT MDR бірыңғай платформа аясында тәулік бойы мониторинг жүргізуді, жасырын қауіптерді анықтауды, жедел ден қоюды және кеңейтілген талдауды біріктіреді. Бұл шешім кез келген көлемдегі компанияларға қауіпсіздікті басқаруды жеңілдете отырып, жаңа киберқауіптерге қарсы кибертұрақтылықты арттыруға көмектесу үшін арнайы әзірленген.
ESET-тің MDR қызметтері KuppingerCole сарапшылары тарапынан ғана емес, сондай-ақ Forrester және AV-Comparatives сияқты жетекші компаниялар тарапынан да жоғары бағаланы туралы айта кету керек.
ESET PROTECT MDR шешімі туралы толығырақ біліңіз.
Басқа да ESET марапаттары туралы сілтеме бойынша оқыңыз.