ESET рұқсатсыз кіруден қорғау үшін сертификатты растады

Келесі жаңалық

ESET компаниясы – ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы – ESET PROTECT Elite бұлттық басқаруы бар шешімі рұқсатсыз кіруден қорғау бойынша AV-Comparatives компаниясы өткізген тестілеуден сәтті өткенін хабарлайды. Осылайша бұл шешім өнімнің функционалдылығын үздіксіз, уақытша, ішінара немесе толықтай жоғалтуға алып келетін шабуылдарды болдырмау қабілеттілігін растады.

Киберқылмыскерлер үшін желі немесе құрылғыны бұзған соң елеусіз болып қалу әлдеқайда маңызды болып табылады. Желіге қол жеткізіп, және одан соң заңды құралдарды белсенді қолдану үшін құрылғыны қорғауға арналған бағдарламалық жасақтаманы өшіріп, көбінесе бұзылған есептік деректерді пайдалану арқылы жетуге болады. Мұндай рұқсатсыз араласу күрделі оқиғаларға алып келуі мүмкін.

Биылғы тестілеу барысында ESET PROTECT Elite шешімі рұқсатсыз кіруден өзінің алдыңғы қатарлы қорғауы үшін марапатқа ие болды, ал AV-Comparatives баптауларды құпиясөзбен қорғау функциясының маңыздылығын атап өтті. Бұдан бөлек шешім реестр кілттері,  DLL, файлдық жүйе және де драйвер ядросы арқылы жасалатын айлалардың алдын алудан жоғары тиімділігін көрсетті.

Бұл қорғау агентінің негізгі үдерістерге араласуға бағытталған шабуылдар мен тәсілдердің кең ауқымынан қорғау қабілеттілігін көрсетеді. Бұл рұқсатсыз кіруден қорғау мүмкіндіктері құрамына кеңейтілген анықтау және әрекет ету компоненті (XDR) кіретін барлық жүйелі шешімдерде пайдаланылады. 

Рұқсатсыз кіруден қорғауға қатысты тестілеуден ESET 2014 және 2015 жылдары жоғары нәтижелерге қол жеткізген болатын. Сол кездегі тәуелсіз сынақтар ESET үйге арналған шешімдері басқа 32 қатысушы-жеткізушілермен салыстырғанда, рұқсатсыз кіруді пайдаланатын шабуылдардың 100% сәтті алдын алатыны дәлелденді. Бұл жетістік 2023 жылы да корпоративті өнімдері үшін дәлелденді: ESET PROTECT Entry шешімі AV-Comparatives-тен ең жоғары бағасын алып, өнімді жасау кезіндегі қауіпсіздікке өзгеріссіз бейілділігін көрсетті. 

«Егер қауіпсіздік бойынша құрал бұзылатын болса, онда ол қорғау құралы емес – ол осалдылық. ESET бұл қағидаға барынша жауапкершілікпен қарайды. Біз қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге тырысамыз, және рұқсатсыз кіруден қорғау көп жылдар бойы бұзу үшін әрекеттерге қарсы негізгі элементтерінің бірі болып келеді. ESET бағдарламалық жасақтаманы рұқсатсыз кіруден арнайы қорғау үшін  бірқатар технологияларды өңдеген бірінші жеткізушілердің бірі болғанына он жылдан асты. AV-Comparatives біздің мұндай өзекті болып қала беретін функцияға бейілділігімізді мойындағанын мақтан етеміз», – деп айтады, ESET тестілеу, сарапшылармен байланыс және нарықты зерттеу бойынша директоры, Зузана Легатова. 

Қауіпсіздік бойынша кез келген шешім үшін тәуелсіз тестілеулер салада мойындау болып табылады. Рұқсатсыз кіруден қорғау жаңа алғыр қауіптердің пайда болуына байланысты, әсіресе EDR-ді өшіру үшін аса маңызды бола бастағанын ескере отырып, кез-келген бизнес үшін бір қарағанда байқалмайтын қауіпсіздік олқылықтарын толтыра алатын шешім табу өте маңызды.
ESET PROTECT Elite және оның алғыр қауіптердің алдын ала алатын көпдеңгейлі қауіпсіздік жүйесі туралы толығырақ ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді.