ESET компаниясы — ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы — жұмыс станцияларын қорғау туралы 2026 жылғы Gartner® Magic Quadrant™ есебінде үшінші жыл қатарынан «Үміткер» атағын алды¹. Компания бұл есепке қатарынан 16 жыл түсіп келеді, ал «Үміткер» атағын рейтингтің соңғы 8 нұсқасының қорытындысы бойынша 7 рет алады.
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу және бәсекеге қабілетті баға саясаты мен ұзақ жылдар бойы дәлелденген тиімділікке негізделген жан-жақты ойластырылған стратегия ESET компаниясының өндірушілер арасындағы жоғары орнын қамтамасыз етеді.

«Жұмыс станцияларын қорғау туралы 2026 жылғы Gartner® Magic Quadrant™ есебінде жалғыз «Үміткер» ретінде танылуымызды біз таңдаған стратегияның дұрыстығы мен пайдаланушыларға ұсынатын құндылығымыздың айқын дәлелі деп санаймыз, – деп атап өтті ESET бас қоммерциялық директоры Павол Балай. – Біз бұл мойындауды біздің үздіксіз инновацияларымыздың, жоғары өнімділігіміз бен тиімді әрі басқаруға оңай киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген адалдығымыздың нәтижелілігін растайтын көрсеткіш ретінде қабылдаймыз. Ұйымдарға үнемі дамып отыратын киберқауіптерден бір қадам алда болуға көмектесу үшін ESET PROTECT платформасының мүмкіндіктерін одан әрі дамытуға инвестиция салуды жалғастырамыз», – деп қосты ол.
«Үміткер» мәртебесіне ие компаниялар жұмыс станцияларын қорғау бойынша пайдаланушы қажеттіліктеріне сәйкес сенімді өнімдер ұсынады. Сонымен қатар, олардың нарықтағы танымалдығы жоғары болғандықтан, тауашалық ойыншылармен салыстырғанда өз міндеттерін тиімдірек орындау мүмкіндігіне ие»,– деп атап өтті Gartner.– Бұл мәртебеге ие компанияларды таңдау, әсіресе стратегиялық серіктестікке мүдделі пайдаланушылар үшін тиімді шешім болып табылады».
Айта кету керек, ESET PROTECT – заманауи компаниялардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жасалған кешенді киберқауіпсіздік платформасы. Көпжылдық тәжірибе мен үздіксіз инновацияларға негізделген бұл платформа қауіптердің алдын алуға бағытталған қауіпсіздік тәсілін ұсынады және озық технологиялар мен сервистерді біріктіреді.
ESET PROTECT платформасы туралы толығырақ біліңіз.
ESET-тің басқа да марапаттары туралы толығырақ сілтеме бойынша оқыңыз.