ESET PRIVATE: пайдаланушылардың бірегей қажеттіліктерін ескере отырып жасалған киберқауіпсіздік бойынша жаңа шешімдер

ESETкомпаниясы – ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдардың ерекше талаптары мен жұмыс ерекшеліктерінің кең ауқымына бейімделетін, арнайы әзірленген ESET PRIVATE шешімдерінің жаңа портфолиосын ұсынады. Атап айтқанда, бұл шешімдердің қатарына қауіптерді жылдам сканерлеу, оқшауланған орталар үшін қорғау, ақпараттық (IT) және операциялық (ОҚ) технологиялар инфрақұрылымдарын қорғау, қауіптерді арнайы талдау және қауіпсіздікті кешенді басқару кіреді.

Заманауи ірі компаниялардың инфрақұрылымы күрделене түсіп, киберқауіптер санының өсуімен, сондай-ақ қатаң нормативтік талаптарды сақтау қажеттілігімен бетпе-бет келуде.Мұндай кәсіпорындар үшін стандартты қауіпсіздік шешімдері жеткіліксіз болуы мүмкін, ал үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін оларға бизнес инфрақұрылымына оңай біріктірілетін арнайы жасалған қорғау жүйесі қажет.

Сондықтан күрделі корпоративтік орталар мен мемлекеттік мекемелерге, атап айтқанда, жеке ірі компанияларға, қорғаныс ұйымдарына, сыни инфрақұрылым нысандары үшін деректерді сақтау орнына және деректер мен инфрақұрылымды бақылауға қойылатын қатаң талаптары бар орталарға да сәйкес келетін ESET PRIVATE шешімдері жасалған. Шешімдер жұмыс процесстеріне оңай біріктіріліп, қазіргі жағдайларда кибертұрақтылықты қамтамасыз ету үшін нормативтік талаптарды сақтауға мүмкіндік береді.

«Әртүрлі салаларда ұйымдар технологияларды жай ғана сатып алудан кибертәуекелдерді басқаруға көшуде, сонымен қатар геосаясаттағы өзгерістерге, цифрлық архитектуралардың дамуына және құралдар мен деректердің санының орасан артуына жылдам бейімделуде. ESET те жай ғана жеткізуші рөлінен әр ұйым үшін маңызды бизнес жағдайларға, операциялық қажеттіліктерге және нормативтік талаптарға сәйкес келетін арнайы қауіпсіздік шешімдерін ұсынатын стратегиялық серіктеске айналуда», – деп атап өтті Дэвид Бржезна, ESET операциялық қызмет пен бизнесті ауқымдау бойынша вице президенті.

«Егер сіз клиенттеріңізді фишингтік шабуылдардан қорғауға ұмтылатын банк басшысы болсаңыз, қауіпсіздігі аса маңызды технологияларды қорғауы қажет көпжылдық тәжірибесі бар өндіруші болсаңыз, өз тарату желісін қорғау үшін қауіптерді талдауға мұқтаж энергетикалық компания директоры болсаңыз немесе цифрлық ресурстарға, деректер мен инфрақұрылымға көбірек бақылау орнатуға ұмтылатын мемлекеттік сектор қызметкері болсаңыз, ESET сенімді қауіпсіздік жүйесін құру үшін әлдеқайда кең мүмкіндіктер ұсына алады», — деп толықтырды Дэвид Бржезна.

ESET PRIVATE шешімдерінің аясында пайдаланушыларға келесілер ұсынылады:

  • Жекелендірілген әзірлеу: пайдаланушылармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, ESET-тің жоғары білікті әзірлеушілері шешімдерді қауіпсіздікке қойылатын ең заманауи талаптар мен кәсіпорындардың операциялық қажеттіліктеріне сәйкес бейімдейді, енгізеді және кеңейтеді.
  • Модульдік шешімдер портфелі: пайдаланушылар ESET PRIVATE шешімдерінің кез келгенін өзара біріктіре алады.
  • Бұлттық немесе жергілікті шешімдер: икемді орналастыру нұсқалары арқылы пайдаланушылардың күрделі инфрақұрылымдары мен бизнес-процестеріне үздіксіз біріктіруді қамтамасыз етеді.
  • Сараптамалық тәсіл: ESET сарапшылары терең білім мен тәжірибеге негізделген ұсынымдар береді.
  • Кешенді шешімдер: ESET мамандары ұзақ мерзімді ынтымақтастық аясында шешімдерді үнемі жетілдіріп отырады және оларды пайдалану кезеңдерінің барлығында қолдау көрсетеді.

Киберқауіпсіздік саласындағы 30 жылдан астам тәжірибені ескере отырып, ESET PRIVATE цифрлық қорғауға арналған сенімді шешімдер мен компанияның жетекші сарапшыларының білімі мен өзіндік әзірлемедегі негізгі технологияларды біріктіретін арнайы сервистерді ұсынады. Мұндай тәсіл ұйымдарға заманауи киберқауіптерге тиімді қарсы тұруға және қызмет ерекшелігі мен бизнестің бірегей қажеттіліктеріне бейімделген қуатты қорғау жүйесін құруға мүмкіндік береді.