Xopero ONE 1.7.0: Microsoft Hyper-V жүйесіне арналған жақсартылған резервтік көшірме

Келесі жаңалық

Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы ESET компаниясы резервтік көшірмеге арналған Xopero 1.7.0 шешімінің жаңа нұсқасы шыққаны туралы хабарлайды. Пайдаланушылар енді жаңа Hyper-V Instant Restore функциясының көмегімен, виртуалды машинаны резервтік көшірмеден бірден іске қоса алады және Hyper-V RCT механизмінің қолдауымен резервтік көшірмелерді тезірек жасай алады.

Microsoft Hyper-V жүйесін шұғыл қалпына келтіру

Жаңартулардың бірі болып Hyper-V Instant Restore табылады, ол деректердің толық қалпына келуін күтпей-ақ виртуалды машинаны тікелей резервтік көшірмеден іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл функция iSCSI ортақ пайдалану қағидаты бойынша жұмыс істейді, яғни пайдаланушылар бүкіл дискіні резервтік көшірмеден қалпына келтіруді күтпей, виртуалды машинаны бірден пайдалана алады. Ақырында ортақ ресурс тағайындалған Hyper-V ортасына қосылады, ол виртуалды машинаны автоматты түрде жасауға мүмкіндік береді.

Xopero ONE-да жұмыс аяқталғаннан немесе тапсырма тоқтатылғаннан соң машина Hyper-V ортасынан жойылады, ал өзгерістер сақталмайды.

Hyper-V RCT көмегімен неғұрлым жылдам резервтік көшірме

Резервтік көшірме жасау процесін жылдамдататын тағы бір жаңарту RCT (Resilient Change Tracking) механизмін қолдау болып табылады. Бұл Hyper-V-ның өзгерген виртуалды машина дискісінің блоктарын қадағалайтын, жылдам резервтік көшірмелерді жасауға мүмкіндік беретін (VMware CBT-ге ұқсас) өз механизмі. Нәтижесінде, Xopero ONE агенті машина блоктарын резервтік көшірмедегі блоктармен салыстырмай-ақ Hyper-V жүйесінен тікелей өзгерістер туралы ақпаратты алады.

Hyper-V жоспарын әдепкі қалпы бойынша баптау

Алдыңғы нұсқада Hyper-V резервтік көшірме баптауларының ешқайсысы да әдепкі қалпы бойынша қосылмаған. Сондықтан пайдаланушылар жақсырақ нәтиже беретін ұсынылған резервтік көшірме конфигурациясын пайдаланбауы мүмкін. Енді осындай параметрлер резервтік көшірме жоспарын баптау кезінде әдепкі қалпы бойынша қосылады, соның ішінде:

  • бағдарламаларды ескеру режиміндегі көшіру;
  • суретке қосуға мүмкін емес дискілерді өткізіп жіберу (мысалы, тұрақты дискілер);
  • RCT механизмі көмегімен көшіру;
  • бір уақытта орындалатын тапсырмалардың санын 3-ке дейін шектеу.

Қосымша икемділік үшін root құқықтары бар есеп жазбаны өзгерту

Сонымен қатар, root құқықтары бар есеп жазбаны басқа тікелей интерфейстен бағдарламаға өзгертуге мүмкіндік беретін Xopero ONE мен GitProtect функциялары жақсартылған.

Мұны істеу үшін сізге қызметті пайдаланушылар тізіміне өтіп, root құқықтары бар жаңа есеп жазбаны таңдап, «Негізгі ретінде орнату» батырмасын басу керек. Растаудан кейін таңдалған есеп жазбада root құқықтары болады. Root құқықтары бар алдыңғы есеп жазба бұрын берілген барлық рұқсаттарды сақтай отырып, жүйелік әкімші рөліне ие болады.

Резервтік көшірмелердің басқа түрлеріне арналған Forever Incremental

Алдыңғы нұсқада SaaS қызметтерінің деректерін қорғау үшін пайдаланылған Forever Incremental қолдауы қосылды, әсіресе үлкен деректерді жүктеу шектелген сценарийлерде. Кеңейтілген функционалдығы бар Forever Incremental енді файлдардың резервтік көшірмесін, диск кескіндерін және VMware сияқты көптеген басқа резервтік көшірме түрлері үшін қолжетімді.

Сонымен қатар, осы нұсқада Hyper-V машиналарына арналған қалпына келтіру кеңейтілген процесі, жүйенің құралдар тақтасында ақпаратты іздеудің өнімділігі мен жоспарлар тізімін жүктеу, соған қоса Xopero Unified Protection-да жад шектеулігі туралы хабарландырулар жақсартылған.

Xopero өнімін қазір қолданып көруге болады! Ол үшін сілтеме бойынша өнімнің сынақ нұсқасын алуға сұрау жіберіңіз. Қосымша сұрақтар пайда болған жағдайда sales@esetofficial.kz электронды мекенжайы бойынша хабарласыңыз.